№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » COVID-19: Қазақстан екінші толқынға қаншалықты дайын?

COVID-19: Қазақстан екінші толқынға қаншалықты дайын?

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингі кезінде пандемияның екінші толқынына қатысты ойымен бөлісті. 

COVID-19: Қазақстан екінші толқынға қаншалықты дайын?
Біз сондай-ақ дәстүрлі вирустық агенттерден басқа, осы кезеңде басқа вирустың, коронавирустың таралуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Біз бұл жағдайда қаншалықты дайынбыз? Бұл оңай емес, себебі, дайындық инфрақұрылымды күшейту дегенді білдіреді. Іс жүзінде ауруханалар құрылысын бастап, жеке қорғану құралдарын өндіруді кеңінен қолдану шараларын жасаймыз. Біз медициналық қызметтерді, бірінші кезекте санитарлық қызметтер мен инфекцияға қарсы медициналық қызметті, оның ішінде госпитальдар мен карантиндік орталықтарды ашу мүмкіндігін күшейту және нығайту бойынша арнайы жоспар әзірледік, оны Үкімет бекітті, – деді Біртанов.

Министр бүгінде карантиндік орталықтар біртіндеп қысқартылып жатқанын айтты.
Қазіргі таңда көптеген қонақүй дәстүрлі қызметіне қайта оралды, вирусы бар науқастарға арналған көптеген провизорлық ауруханалар өздерінің күнделікті жұмысына кірісті. Жұқпалы ауруханалардың жүктемесі де қалыпқа түсті. Бұл толқынды біз жеңдік, бірақ, бұл өте ақуіпті эпидемия. Өкінішке қарай, көптеген елдерде пандемия салдарынан өлім-жітім деңгейі жоғары болды. Жағымсыз сценарийді жоққа шығаруға болмайды. Барлығымыз мұқият болуымыз керек. Біз үшін, бірінші кезекте, күзгі мезгілге қарқынды дайындалу қажеттілігі мен мүмкіндігі болып отыр, – деді ол.

05 маусым 2020 ж. 478 0