Қызылордалық тұрғын жалаң қолмен қасқыр алды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Жайылма ауылының тұрғыны Аязби Фазылов жалаң қолмен қасқыр алған.
Елді мекен Жаңақорған ауданының тау беткейінде орналасқан. Жергілікті тұрғындардың негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы.
Оның айтуынша, ауыл тұрғындары биыл тау жақта малды қасқыр тартып кетіп жатыр дегенді жиі еститін болды. Сондай хабарды естіген Аязби де мотоциклімен таудағы жылқылардың жай-күйін білу білмек мақсатта жолға шыққан. Қасында Жұмағали есімді танысы бар.
Айтуынша, ұстағаны қасқырдың қаншығы екен.
«Қолыма мылтық алып шыққан кезімде алдымнан қасқыр кездескен емес. Жолай қойшылардың үйіне соқтым. Бір қызығы, иттердің байлауда жатқан түз тағысына беттеп келе алмады. Елдің аузында айтылатын «Иттің сырттаны ғана қасқырды алады» деген сөздің растығына тағы бір мәрте көзін жеткіздім», – деді ол.