Мал-жан аман болсын
Машбек Нәлібаев ауылдық округіндегі «Бақытжан» шаруа қожалығының базасында «Ауылшаруашылығы жануарларының паразитарлы аурулары және бірдейлендіру жұмыстары» атты облыстық семинар өтті. Оған аудан әкімі Руслан Рүстемов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов қатысты.
Сондай-ақ Сыр өңірі аудандарының ауылшаруашылығы, ветеринария саласының мамандары мен шаруа қожалық төрағалары келді. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары арнайы шақырылды.
Жаңақорған ауданында соңғы айларда жылқы шығыны орын алған-ды. Мақсат – соның себеп-салдарын анықтап, шығынды азайту жолдарын саралау.
Әкім Руслан Рүстемұлы алғы сөз сөйлеп, жылқының ұлт ұғымындағы орнына тоқталды.
– Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өмірінде жылқының алар орны ерекше. Жылқы – қазақтың жаны десек те болады. Себебі сәйгүлікпен салт-дәстүрімізбен дәстүр-дағдымыз біте қайнасып кеткен. Жылқы ғасырлар бойы мінсе – көлік, жесе – ас, ішсе – сусын болды. Ғалымдар жылқының еті 17 түрлі ауруға ем болатынын дәлелдеп отыр. Саумалы мен қымызы жүрек-қан тамыр ауруларына бірден-бір ем. Осындай текті түліктің өліп жатқаны бізді алаңдатып отыр. Сондықтан оның себеп-салдарын анықтау үшін облыстық деңгейде мән беру керектігін түсіндік... – деді аудан басшысы.
Ал басқарма басшысы Ерсұлтан Амантайұлы: «Жаңақорған ауданының ерекшелігі – Сырда, тауда және құмдағы жайылымдықта мал ұстауға қолайлы. Бірақ әр жердің өзіне тән табиғи ошақтары бар. Осы себепті әр жылдары ауа-райына байланысты ауру түрлері шығады. Сондықтан вакцинациялау, дезинфекциялау жұмыстары назардан түспеуі тиіс», – деді.
Аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Марат Қазыбаев төрт түлікті есепке алудың маңызына тоқталды. Яғни санатта бар малға препараттар қаралады, таңбалау немесе сырғалау жүргізіледі. Қазір малды чиптеу кең пайдаланыла бастады. Мұның бәрі төрт түлікке түрлі аурудың таралмауына жағдай жасайды.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры, биология ғылымының кандидаты Гүлнази Ахметова мен ветеринария ғылымының кандидаты Гүлнар Тұрғанбаева бөгелек балаңқұрттары қоздыратын аурулар жөнінде кеңінен тоқталды.
2020 жылдың 6 қазанында ғалымдар Жаңақорғанға келіп, Байкенже ауылында өлген жылқыны зерттеп, ғылыми қорытынды шығарады. Олардың сөзінше, жылқы гастрофилезі ауруынан өлген. Бұл инфекциялық емес, паразитологиялық ауру түрі. Енді мұның алдын алу жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Себебі ауданда ауру ошағы пайда болды, екіншіден, ауа-райы жылы болған жылдары қайтадан ауру өршуі мүмкін.
Семинар барысында ғалымдар жылқыны бұл аурудан емдеуде тиімді препаратты көрсетті.
Аудандық мәслихаттың депутаты Әлібек Нәлібаев жылқыны емдеуде сөзбен емес, тәжірибе жүзінде көрсету керектігін ұсынды.
Қатысушылар мал-жан амандығын тілесіп қайтты.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ