Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тойхана мен үйдегі тойдың қыр-сыры

Тойхана мен үйдегі тойдың қыр-сыры


Құлақтың құрыш етін жеген «карантин» сөзі жауыр болды. Тіпті соңғы кезде еңбектеген баладан, еңкейген кәріге шейін үйренсіп алған сыңлы. Басқа түскен індеттің қазаққа әсері мен кесірін тілге тиек етсек, былай.
Қала төріне жаңбырдан кейін төбе көрсететін саңырау құлақ іспетті «тойхана» атаулы көбейіп кеткені ақиқат . Өздеріңізге мәлім қазір барлығы мола құсап қаңырап қалды. Бірақ қыз алып, қыз берісетін қазақ қарап қалсын ба? Тойдың қызығы шаңырақ басында өтіп қызық-думан жалғасын тауып жатыр. Керемет!

ТОЙХАНАДАҒЫ ТОЙ

Той мәзіріне керек дүниенің барлық дерлік үрдісін өздері дайындап береді. Тіпті даяршылар шайыңды да кесеге құйып отырады. Егер ебін тапсаң етіңді де асып беруге дайын. Той тарқасымен ыдыс – аяқ жуып, жалпы кешегі әурешілік жоқтың қасы. Ең бастысы әйел қауымы жылтырлаған әсем той көйлегін киіп, ерлер пышақтың жүзіндей қайралған қырлы шалбарымен келсе болды. Әркімнің отыратын үстелі белгілі, құлағыңды жаратын өлеңнің даусына билеп, абыр – дабырдан ешкім тыңдағысы жоқ тілегіңді айтып көңіл көтеріп кешкілік қайтасың . Бітті.

ШАҢЫРАҚТАҒЫ ТОЙ

Қазақ «Тойдың болғанынан, боларысы қызық» деп босқа айтпаса керек. Тойға дайындық басталысымен ет -жақынның барлығы үйге жиналып той мәселесін негіздейді. Үйде мал сойылып күйеу балалар қызмет жасап,  абысын-ажындар қазы айналдырғанның өзі бір кішігірім той. Бір қалада тұратын алыс -жақын ағайындастың әйелдері көшеде жүре амандық - саулық сұрасатын, ендігісі барлығы бір дастарханда жиналып күліп-ойнап, білгенімен бөлісіп той дастархан мәзірін әзірлеуде. (Оның алдында бұның бәрі дүкеннен дайыны сатып алына салынатын). Көптен кездеспеген аға -іні, ағайындастар, немерелестер жиналып үй ауласын тойға дайындап жұмыс атқарады. Жақынрақ танысып бауырласады. (Әйтпесе, тойханда тап осы мүмкіншілік жоқ). Бұндай дайындықта туысқандық қатынас берік болып, ағайындарды бірліктіріп отырады. Қайын іні мен жеңгелердің шытырман әзілдерін көріп мәз боласың. Ошақ басындағы үлкен апайлардың туыс арасында бастан өткен небір күлкілі хикаяларға қанығасың. Самаурын қайнатып көптен басы қосылмаған алыс -жақын бажалар мәміле құрып жатады. Үй айналасында кездесе қалған жезде мен балдыздар әзілдесіп бір -бірін сөзбен шымшығанын көресің . Барлығының істеп жүргені бір іс тойдың қамы. Енді осы аталған туыс -жаранның мектеп жасындағы балалары да бір -бірімен етене жақын танысып, туыстық қатынасы арта түседі. Үлкен бір шаңырақтың тұсында туыстық атауларды үйреніп, бір - біріне кім болып келетінін біледі. Әйтпесе, телефоннан көз алмайтын бала әсіре ондайға мән бергісі жоқ .
Осы қысқаша қайырылған үдерісте үлкен тәрбие – тәлім, қазақшылық, өзегі үзіліп бара жатқан туыстық қатынастың үлкен дала философиясы жатыр.
Қазақтың тойы таусылмасын, «карантин» қазаққа ысырапшылдық, дарақылық пен даңғазалықтан аулақ болуға бір шама болса да үйретті деген ойдамын .

Дастан Абдырахманұлы
05 қазан 2020 ж. 753 0