Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биылғы Наурыз ерекше: Нұрсұлтандықтар мейрамды қалай тойлап жатыр?

Биылғы Наурыз ерекше: Нұрсұлтандықтар мейрамды қалай тойлап жатыр?

  Табиғаттың жаңару мерекесін қарсы алуға келгендер арасында министрлер, театр әртістері, әкімдік қызметкерлері де бар.
ÐÒ±ÑÑұлÑан ÐазаÑбаев Maybach авÑокөлÑгÑмен келдÑ
  Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін биылғы Наурыздың орны бөлек. Себебі бүгін олар Ұлыстың ұлы күнін Астанада емес, Нұр-Сұлтанда қарсы алып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

   Елорда төріндегі этноауыл жылдағы дәстүрмен халыққа лық толды. Ақшаңқан киіз үйлер, мың бұрала билеген бұрымды қыздар мен күресіп, күш сынасқан жігіттер, асық ойнаған балалар, жастарға батасын беріп жүрген қариялар... Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін көтеріңкі көңіл-күйде жүр.Табиғаттың жаңару мерекесін қарсы алуға келгендер арасында министрлер, театр әртістері, әкімдік қызметкерлері де бар.   Бәрі де қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, ыстық лебізін білдіріп жатыр.
  Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Наурыз мейрамының маңызы ерекше екенін атап өтіп, өзі ренжіткен жандардан кешірім сұрады.
   "Наурыз – бұл жаңару мейрамы. Елде айтулы оқиғалар болып жатыр. Елбасы бастаған стратегия әрі қарай жалғасын табады. Егер үйде немесе жұмыста біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Жұмыста кей кезде қатал болатыным рас", - деді ол.
  Осы орайда Балаева Астананың Нұр-Сұлтан деп өзгеруін қолдайтынын жеткізді."Кезінде осы астананы Алматыдан көшіргенде де халық сенбеп еді. Қазір міне осы қалада тұрып, балаларын өсіріп, барлығы осы қалаға келуді армандайды. Астананың іргетасын қалауда Елбасының сіңірген еңбегі зор. Халқына деген махаббатымен, ыстық ықыласымен, ел Астанасымен мақтансын деп жасаған еңбегі. Сондықтан, менің ойымша бұл заңдылық", - деді ол.




21 наурыз 2019 ж. 705 0