№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көмірқышқыл газымен уланудан сақтанайық

Көмірқышқыл газымен уланудан сақтанайық

Көмірқішқіл газынан  иістену жылыту маусымы көп кездесетін төтенше жағдайдың бірі болып отыр. Жылу беру маусымында тұрғындары көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға түсіп жатады. Сондықтан көмірқышқылы газынан  иістену және оның алдын - алу іс – шаралары қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Көмірқышқыл газынан уланғанын адам мүлдем сезбей қалуы мүмкін. Көмірқышқыл газы ауа атмосферасына жанудың әсерінен  пайда болып таралады. Ол газ және майлы пештер, ағаш, көмір пеші, газ құрылғылары, бассейндердегі су жылытқыштар және двигательдерден шығатын  газдар. Өрт болып жатқан жерде немесе пеш құбырларының жарылуы, бітелген түтін жолдары, бітелген құбырлар,  иісті газдың тұрғын үй немесе басқада жабық бөлмелерде иісті газдың жинақталуына әкеліп соқтырады. Адамдар сол иісті газбен ластанған ауамен дем алғанда уланады. Адамның жұтып отырған ауасының құрамында 0,08% көміртегі оксиді (СО ) болған жағдайда адамның бас ауруы мен тұншығуы сезіледі.  Көміртегі оксиді (СО) концентрациясының 0,32% -ға көбеюі салдарынан адам сал болып калу, естен тану жағдайларына әкеліп соқтырады, ал 1,2 % - дан жоғары концентрацияда адам 2-3 рет ауа жұтқанның өзінде  өміріне 3 минуттан кейін қауіп төнеді. Сол себепті бұл газ өте қауіпті. 
Иісті газбен улану белгілері:
  • Бұлшық ет әлсіздігі пайда болады;
  • Бас айналып, құлақта шу естіледі;
  • Тұншығуы сезіледі;
  • Жүрегі айнып, лоқсу пайда болады;
  • Адам сандырақтап, галлюцинация пайда болады;
  • Естен танады;
Иісті газбен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек:
Төтенше жағдайлар бөліміне «112», Жедел жәрдем «103», Өрт сөндіру қызметіне «101»,газ құбырларын жөндейтін мекемеге «104» –ке хабарласу;
Естеріңізде  болсын, зардап шегуші адамды иісті газ концентрациясы бар жерде көмектесу үшін алдымен өзінің уланып қалмау қауіпсіздігін сақтау керек. Ол үшін қол орамал, дәке немесе киімдерді сулап сол арқылы тыныс алу керек.
Сондай – ақ бөлмелердің терезелерін ашып, иісті газбен демалуына жол бермеу, зардап шегушіні таза ауаға алып шығып, таза ауамен тыныс алуын қамтамасыз ету.
Иісті газбен уланудың алдын - алу іс - шаралары:
Пеш және пеш құбырларының жарылуын болдырмау, бітелген құбырларды, турбаларды  тазалап түтін жолдарын ашу. Пешке от жаққанда, отын салғанда есік – терезелерді ашып үйді таза ауамен желдетіп тұру және оттың жанғанын қадағалап тұру керек.Әсіресе жатар уақытында оттың жануын қадағалау, өйткені адам ұйықтағанда иісті газбен уланғанын сезбей қалады және өрт салдарына әкеліп соғады.

02 қазан 2020 ж. 673 0