Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылқыға қандай індет келді?

Жылқыға қандай індет келді?

Жаңақорған аудандық ветеринариялық станциясына тамыз айының ішінде бірнеше ауылдық округ аумақтарында кенеттен жылқы малы ауырғаны жөнінде бей ресми хабарлама түсті. Мамандар шұғыл іске кірісіп, бірнеше шаруақожалықты аралап, жылқының қандай аурумен ауырғанын зерттеп, қажетті ем-дом жасады. Жылқыдан қандай індет анықталды? Ауру таралмауы үшін қандай шара жасалуда? Көпшіліктің сауалына жауап беруді жөн көрдік.

Ауырып тұрған жылқылардан био материал (фекалий) алынып, аудандық ветеринариялық зертханаға жолданды. Осыған байланысты, ветеринар мамандарының қатысуымен жылқы малының бас қаңқасын патологиялық жарып сою барысында, танау қуыстарында, кеңсірікте бөгелек құрттары бары анықталды.Клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістер негізінде табылған құрттар «жылқы малының гастрофилезі» деген болжамды диагнозы қойылды.
Бөгелек жаз маусымында жылқы малының денесіне личинкаларын тастайды. Жұмыртқадан шыққан личинка малдың терісін жыбырлатады, жылқы тісімен жыбырлаған жерлерін қасыған уақытта олар тілге, тіске жабысады. Үстіндегі кішкене тікенектерімен біртіндеп жылжып, жылқының қарынына түсіп қадалады. Бөгелектің личинкасы қарында, он екелі ішекте, тік ішекте паразиттік өмір сүре алады. Қиымен бірге жерге түсіп, көңге немесе жерге көміліп қуыршаққа айналады. Соңынан осы қуыршақтан ересек бөгелек туады. Личинкалар саны аз болғанда, жылқының қоңдылығы жақсы болғанда ауру белгісі байқалмайды және құрттар тез түсіп қалады. Ал егер құрттың саны көп мөлшерде болса мұрын қуысы ісінеді, қабынады, кейде қан ағады. Мал жиі тыныс алады, пысқырады, ауызбен демалып, аузы жартылай ашық тұрады. Мал пысқырғанда жетілген құрттар бірге түседі. Көп жағдайда құрттар түсіп қалады да, ол малдарда ауру белгілері білінбей өтеді. Кей жағдайларда ауру белгілері айналмаға немесе құтыруға ұқсас өтеді. Басын жерге, айналасындағы заттарға ұрады, қашуға тырысады. Дер кезінде көмек көрсетілмесе жануар оттегі жетіспеушілігінен өледі.
Биыл ауданда жаз айларында жауын шашынның аз болуы, аурудың өршуіне қолайлы жағдай қалыптастырып, сыр беткейде жүрген жылқылар арасында белең алып отыр деп есептейміз. Кейбір елді мекендерде тау беткеймен қыр беткейде жүрген жылқылар арасында бұл ауру тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, мал тұрған қораның қиын биотермиялық тазалау, жерге түскен құрттарды механикалық әдістермен жою бөгелектің даму процесін тежеп, күресудің бір түрі болып табылады.
Мал иелері, малды үнемі бақылауда ұстап, ұйымдасып бағуды, ауру малды дер кезінде ветеринарларға хабарлауды, соған сәйкес емдік шараларды жүргізу барысында ветеринарларға көмек беруі тиіс.
ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес мал ұстаушы жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық-диагностикалық шараларды жасау, жануарларды бірдейлендіру барысында және ауырған, оқыс мінез көрсеткен немесе кенеттен өлген жануарлар туралы ветеринар мамандарға уақытында хабарлау міндетті.
Аурудың алдын алу үшін көктем-күз айларында паразиттерге қарсы «Клозан-100», «Ивермектин» «IVEEN», т.б. препараттар мал иесі есебіненалынып аурудың алдын алу үшін ұсынылды.

Жомарт НҰРХОЖАЕВ,
Жаңақорған аудандық ветеринариялық
станциясы басшысының орынбасары
27 қыркүйек 2020 ж. 583 0