«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сот жүйесін нығайтудың озық жүйесі

Сот жүйесін нығайтудың озық жүйесі


Біздің елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының нақты жетістіктері ретінде соттар қызметінің ашықтығын атап өтуге болады.Мемелекеттің стратегиялық бағытымен қоса сот саласы модернизациясының бірден бір маңызды принципі сот жүйесінің кеңеюі болып табылады, сондай-ақ артық регламенттің болмауы, инновациялық технологияның қолданылу саласын ұлғайту мен арттыру.
Елбасымыздың «Қазақстан-2050» әлемдік стандарттарға сай дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру бойынша міндеттерін орындаудың бір көрінісі электрондық басқару болып табылады.Уақыт талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда.Жергілікті халық уақыттарын және қаржыларын үнемдеу мақсатында сервистік қызметті пайдаланады. « Сот кабинеті» электрондық сервисін жүзеге асыру сот өндірісін электронды түрде пайдалануға байланысты, оның ішінде сот органдарына электронды жүгіну, арыз, сот хаттамасымен танысу туралы өтінішін қарауға мүмкіндіктері бар.Аталған сервис арқылы мынандай операциялар:өтініш, шағым және қолдау хаттарды электронды беруге дайындау және жүгіну; онлайн мемлекеттік баж төлемін; деректерді қосу және сақтау қауіпсіздігін орындауға болады.Пайдаланушы сот құжаттарын өзіне ыңғайлы уақытта қарауға, істің тарихын қарауға және сот актілерін шығарып алуға мүмкіндігі бар.
Бұл заманауи техналогияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, бюрократиялық кедергілерді алып тастайды,сонымен қатар сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтар мен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді.
Сот жұмысындағы жаңа технологиялардың бірі-сотта барлық сот процестері дыбыс-бейне жазуды қолданумен өткізіледі, судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе дыбыс жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі жоқ.Бұл сотқа қатысушы адамдарды тәртіпке салып, судьялардың үстінен түсетін негізсіз шағымдар санын азайтып, сот төрелегінің ашықтығын,әділ өтетінін қамтамасыз етеді.
«Сот кабинеті сервисінің қызметі электрондық өзара іс-қимыл арқылы сот ісін  жүргізуді жеңілдету, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қол жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.Азаматтар сотқа талап арыздарды (өтініштерді), апелляциялық шағымдарды, сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтіншхаттарды сервис арқылы электронды құжат түрінде ұсына алады, әрбір тұтынушы үшін ыңғайлы жерде интернет арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн түрінде төлеуге мүмкіндік береді.
Келешекте сот төрелігінің сапасын арттыруға, еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігімен тиімділігінің кепілдігін нығайтуға және сот билігінің имиджін арттыруға Елбасының қойған тапсырмаларын орындау үшін барлық шаралар қолданылуда.

А.Нысанбаева,
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы
25 қыркүйек 2020 ж. 613 0