№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Цифрлы сот – қолжетімділіктің тетігі

Цифрлы сот – қолжетімділіктің тетігі


Елбасының тапсырмасымен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру бастамасы көтерілген еді. Мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.
Аталмыш бағдарлама халыққа сапалы қызмет көрсетудің бірден-бір жолы. Яғни, бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойып, халық жағдайын оңтайландыру. Бұл – Елбасы айтқандай, билікке халықтың сенімін арттырып, қызмет көрсетуді жаңа сапаға көтереді.
Жедел дамып жатқан жаңа технологиялар адам өмірін жеңілдетіп, дамуды жылдамдатып, қоғамды алға жетелейді. Елдегі мемлекеттік қызмет көрсету саласы блйынша цифрлы технологияға ең алғаш қадам басқан сот саласы болатын. Соған сай, соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды іс қағаздарын жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыстар атқарып келеді.
Қазір күнделікті сот тәжірибесінде соттар IТ-технологиялар мен ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастады. Өйткені ол сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдетіп, оңтайландырып, халықтың қолжетімділігін арттырады.
Мәселен, 2014 жылы енгізілген «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі электронды сот ісін жүргізуге ауысудың маңызды құрамдас бөлігі. Осы электрондық ақпараттық сервис – сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған дүние. Кеңірек айтқанда, электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген Қазақстан азаматы үйден шықпай-ақ «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы елдің кез келген сотына талап арыз беріп, кейіннен оның қаралу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндігі бар. Бүгінде осы сервис тұрғындарға 50-ге жуық электронды қызмет түрін көрсетеді.
– Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар сот төрелігінің тиімділігін арттырып, іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық. Мәселен, аудандық сотқа 2018 жылдың 8 айында «Сот кабинеті» сервисі арқылы 591 азаматтық талап электронды арыздар арыз, 457 әкімшілік іс түсіп тіркелген, – дейді аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Бибайым Нәлібаева.
Оның сөзінше, 5 жыл сот жүйесінің тағы бір артықшылығы – ол сот отырысы залдарының 100 пайыз дыбыс-бейне тіркеу құрылғысымен жабдықталуы. Еліміздегі кез келген соттың сот залдарынан дыбыс-бейне тіркеу құрылғыларын көруге болады. Сот процестері толықтай бейне-дыбыс жазбаларына таспаланады. Сот процесінің дыбыс-бейне жазбаға тіркелуі соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар, іске қатысушылардың да мәжілісте өздерін барынша заңға сай ұстап, сотты сыйлауына ықпал етеді.
– Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін, Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронда сервистері Жоғарғы соттың «sud.kz» ресми сайтында іске қосылған. Ол соттың да, сотқа жүгінген азаматтың да уақыты мен жұмысын азайтады, себебі электрондық операцияларға 3-5 минуттан ғана уақыт жұмсалады, бұл азаматтың сот кеңсесіне барып, кезегін күтіп, жолына және құжаттарға қатысты біршама жұмсалған қаражатына қарағанда неғұрлым тиімді, – дейді аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.
Иә, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған электронды сот жүйесі халықтың жоғарғы билік өкілдеріне деген сенімін арттырып, жұмысын жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылтудың бірден бір жолы. Электрондық ақпараттандыру мен жоғары технологиялардың сот жүйесімен бірегей үйлесімділік табуы – өркениетті 30 елдің қатарына қосылуға бір табан жақындата түсері сөзсіз.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
22 қыркүйек 2018 ж. 1 206 0