Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қауіпті көптің күші жеңеді

Қауіпті көптің күші жеңеді

Біз ХХІ ғасырда өмір сүрсек те әлі де бейғам, немқұрайлылық әдеттен арылмай келеміз. Бұл насихаттың кемшін тұсы ма, әлде қонақжай қасиетімізден бе, Covid-19 инфекциясының етек алуына өзіміз жол бердік.

Ғаламтор кеңістігінде «ко­ронавирус инфек­ция­сынан қа­лай сақтану керек» немесе «оны үй жағдайында қалай емдеу қажет» деген көптеген кеңес пен болжам бар. Әрине, қандай жағдайға да дайын болғанымыз абзал. Бұған дейінгі орын алған оқиғалар бізге сабақ болуы тиіс.
Қарапайым мысал – маска кию мен антисептиктерді пай­далануға да атүсті қара­дық. Той жасау тоқ­тамады. Кей азаматтар жүздеген қонақ шақырып, оның ақыры опық жегізгені де шындық. Инфекционист мамандар да­был қаққанымен құлақ ас­пағандар өрескел қате­ліктерге жол ашуда. Расын­да отбасылық, топтық жиын­дардың тиылмай отырғаны ақиқат жағдай. Бұл – кент, ауылдық округ әкімдері мен аудандық полиция бөлімінің бірлесе жұмыс жүргізбеуінің салдары екенін мойындаған жөн. Жасыратыны жоқ, туғаны мен танысын сыйлап, көпшілік жиынды жасырды. Мұның аяғы мұңға ұласты. Ендігі кезекте дәл осындай ахуалға жеткізген жауапты азаматтарға қатаң шара қаралады.
Қазір медициналық же­дел әрекет ету мақ­сатында аудан ауруханаларында 200 орын дайын тұр. Аудан­дық ауру­ха­нада 11 ИВЛ аппараты мен 55 оттегі концентраты және дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар. Бізге бұған тоқмейілсуге бол­майды. Әлдеқандай то­сын жағдай туындағанда дағдарып қалмауымыз керек. Себебі коронавирустың ық­ти­мал екінші толқыны туындайтындай болса ба­рынша жұмылған жөн. Ауру­мен күресте төрт тұрман түгел болғаны дұрыс.
Ресейдің биология ғы­лым­­дарының докторы, про­фес­сор Александр Чепурнов БАҚ-та «Қытай пациенттерді коро­навирусты жеңген адам­дардың қан іріткісімен сәт­ті емдеп жатыр» дейді. Осын­дай әдіспен ауыр хал­де жатқан науқастар да аман қалды деген ақпарат бар. Әрине, бұл болжам ғана. Вакцина мәселесі де түбегейлі шешілген жоқ. Қазір қолдағы барлық мүм­кіндікті қалт жібермей, дертпен күреске дер кезінде кірісу қамында қырағы тұр­ғанымыз қажет.
Сондықтан денсаулық сақ­тау мәселесін дұрыс жол­ға қою, провизорлық орта­лық, станционарда төсек орнының жеткілікті болуын және мобилдік топтардың үй­ден емдеу үлгісін тұрақты ұйымдастыруға ау­дан­дық аурухананың бас дәрі­гері Яхия Шорабаев (келісім бойынша) жауапты.
Қашықтан оқытуда бала­лар­дың толық қатысуын қамтамасыз етіп, оқу сапа­сын төмендетпеу талабы күн тәртібінен түспейді. Бұл жауапкершілікті аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов күнделікті назарға алуы тиіс.
Халық даналығында «Аз­ған ағзаға ауру үйір» де­ген сөз бар. Дәрумені мол көкө­ніс, жеміс-жидекпен ха­лықты ұдайы және тиімді бағада қамтамасыз етуді кәсіпкерлік және өнеркәсіп (Қаржыбек Бүркітбаев), ауыл шаруа­шылығы (Тұрған Базар­баев) бө­лім­дері дұрыс жол­ға қойғаны керек.
Волонтерлік пен насихат жұ­­мыс­тарын қадағалауға алу, мешіт секілді көпшілік орын­­­­дарда көптеп кісі жи­нал­­мауын қадағалау ісіне ау­дан­дық ішкі саясат бөлімі (Әбіл­ғазы Төлегенов), «Жаңа­қорған тынысы» га­зеті (Нұрлат Байкенже, ке­лісім бойынша) және Жас­тар ресурстық орталығы (Нау­рызбай Орынбасаров) уақытпен санаспай барынша қатысуы тиіс.
Қоғамдық көліктерде есеп­сіз жолаушы отыр­ғыз­бау мәселесін шешуді ау­дан­дық тұрғын үй, ком­муналдық шаруашылығы, жо­­лау­­шылар көлігі және авто­мобиль жолдары бөлімі (Зейнулла Әшірбеков) назар­ға алуы қажет.
Қазақта «Бар бол деген бәрінен зият» дейді, ел ішінде нендей жағдай туындаса да елдің амандығын сақтау бар­шамызға борыш. Әркім өз ден­саулығына жауапты де­сек те, қауіпті дерттің алдын алуда ауызбіршілік керек. Сын сағаттар бірлігі бекем, байламы берік ел екенімізді есте сақтайық, ағайын!

Руслан РҮСТЕМОВ,
Жаңақорған ауданының әкімі

22 қыркүйек 2020 ж. 408 0