Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кооперация – дамудың қажеттілігі

Кооперация – дамудың қажеттілігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын басынан аяғына дейін зейін қоя тыңдадым. Жолдауда қоғамдағы өзекті мәселелер жан-жақты қамтылған. Соның ішінде Президент: «Ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес», – деп атап көрсетті.

Агроөнеркәсіп кешенін қар­қын­ды дамыту үшін жеке және қосалқы шаруашылықтарды ко­опе­рацияға біріктіру қажеттігін айтты.
Мен өзім осы ауылша­руа­шы­лығы саласының ардагер ма­маны ретінде, осы коопе­ра­ция жүйесін ауылға, ауыл шаруашылығы өн­ді­рісіне енгізу аса қажет деп есептеймін.
Мұндай кооперация – коопе­ративтік еңбек жүйесі кешегі Кеңес үкіметі кезінде де ауыл шаруашылығы өндірісінде кеңінен қолданылды. Осы кооперация шаруашылықтарда шығынды аз жұмсап, мол өнім өндіріп табысқа жетуге мүмкіндіктер жасады. Өйткені бұл жүйе шаруаларды сапалы жұмыс жасай отырып, материалдық ресурстарды үнем­деуге үйретті, нәтижесінде әр жұмысшыға, өнім өндірушіге зор табыс әкелді. Яғни шаруашылық та, ондағы жұмыскерлер де шаруашылық есепке негізделген, кооперация ережесімен еңбек етті.
Қазіргі нарықтық эконо­мика­ның да басты талабы – бәсекеге қабілетті сапалы өнім өндіріп, жұмсалған шығынды өтей отырып, табыс табу болып табылады.
Ал енді дәл қазір ауылдағы шаруалар ара-дара, үлеске алған азғантай жерімен әуре болып, былай барса арба сынып, былай барса өгіз өліп демекші, өлместің күнін кешіп жүр. Олардың кө­бі­сінде жер айдайтын, дән себе­тін, оны орып жинайтын тех­никалары жоқ. Сатып алатын қо­мақ­ты қаржылары тағы жоқ. Суға таласады, ескі су жүйелерін тазалауға күштері жетпейді. Өн­дір­ген азғантай өнімдерін өңдеп өткізуге мүмкіндіктері аз. Сөйтіп алып сатарларға жем болады.
Ауылдағы осы жағдайларды мемлекет басшысы Жолдауда нақты айтып, жол көрсетіп отыр. Иә, саусақ бірікпей, ине ілікпейді. Бірлік бар жерде ғана тірлік болады. Тәртіп бар жерде ғана табыс болады.
Сондықтан ауылдардағы тауар өндірушілер Жолдауда атап көрсетілген кооперацияға бі­рі­ге­тін кез келді. Шаруалар өзі­нің үлестегі жерімен, құрал жаб­дығымен, жекесіндегі мал-құсымен ерікті түрде бірігуге болады. Ол жер, дүние мүлік шаруа­ның жеке мүлкі болып қала береді. Сонда өзі жұмыс жасай береді. Ал өндірген өнімін келісім шартқа сәйкес кооперативке өткізіп қаржысын алады. Қажетіне қарай, техникалық қызметті, айналым қорларын, көмек қаражат (субсидия) алып отырса үлкен жеңілдік болады. Шаруалар сапалы өнім өндірумен алаңсыз айналысады. Ал кооператив аудандағы, қаладағы сауда орындарынан алған дүкендерде өнімдерді делдалсыз сатуға көмек көрсетеді.
Кооператив мүшелерінің бар­лығы жұмыспен қамтылып, зей­нетақы қорына, медициналық сақ­тандыруға қаржы аударылып еңбек өтілдері жүреді. Яғни ауыл­дағы тұрғындар толық жұмыспен қамтылады, әлеуметтік жағынан қорғалады деген сөз.
Менің ойымша, қазір әр ауыл­да ауыл шаруашылығы өнді­рісін жолға қойып, тәжірибе жинақ­таған, өндіріс көлемі үлкен шаруашылықтар бар. Ауыл­дағы майда құрылымдар мен жанұялық шаруалар ерікті түрде осы шаруашылықтарға бірігіп коопе­ративтер құрса болады. Әрине, кооперативтерді басқару заңға сәйкес жазылып, бекітілген Жарғыға сәйкес сайланбалы болады. Оны кооператив төрағасы басқарады. Төраға мүшелер алдында есеп береді. Басқарма мүшелері мен тексеру комиссиясы бас­қару мен қаржы мәселелерін бақылап, тексеріп отыратыны бел­гілі.
Жолдауда біздің аймаққа қа­тысы бар өзекті мәселе, ескірген суару жүйесінің әсерінен судың ысырап болатыны, бұған алдағы кезде жол беруге болмайтыны дұ­рыс айтылған. Біздің күріш егетін тегістелген жерлердегі су жүйелері ескірген. Оларды тазалауға май­да шаруа қожалықтарының ша­ма­сы жоқ. Сонымен қатар біз­дің ғалымдарымыз инженерлік тегістелген жерлердегі ауыспалы егістің мөлшерін, оның тәртібін қайта қарайтын кез келген сияқты.
Қазіргі әртараптандыру бағы­тына байланысты сол танаптарға (жерлерге) суды аз қажет ететін, нарықта сұранысқа ие дақыл­дарды орналастыруға болады емес пе? Мен күрішті алып таста деп отырған жоқпын, оның мөл­шерін азайту қажет. Сонда суға деген сұраныс азайған болар еді. Оның үстіне біздің аймақта мал басы өсіп, мал азығына деген сұраныс жылдан жылға артып отыр.
Иә, Жолдаудан туындайтын, ауылға, ауыл шаруашылығына бай­ланысты міндеттер ауқымды екенін көріп отырмыз. Саланың нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз етіп, зама­науи технологиялар мен инн­о­вация енгізу үшін экономи­калық ынталандыру шараларын әзірлеу қажет.
Үкіметке бизнес өкілдерімен бірлесіп, Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі жаңа Ұлттық Жобаны әзірлеуге кірісуді тап­сырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ондағы негізгі міндеттеріміз:
– әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету;
– миллиондаған ауыл тұрғын­дарының табысын арттыру;
– еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту;
– агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есеге артыру;
Ауыл еңбеккерлері, халықты асыраушы сала өкілдері ауылша­руашы­лығы тауар өндірушілерінің бұл міндеттер үдесінен шығуы үшін Жолдауда көрсетілген коопе­рацияға бірігуі қажет.
Өйткені, кооперация ауыл үшін, ауылшаруашылығы өндірісі үшін қазіргі таңдағы қажеттілік.

Ерғали ОРАЗБЕКОВ,
ауылшаруашылы саласының ардагері, экономист-қаржыгер.
10 қыркүйек 2020 ж. 309 0