№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫР КҮРІШІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

СЫР КҮРІШІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

  Елбасы Жолдауында заманауи технологияларды кеңінен пайдалана отырып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жайы айтылды. Елбасы аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталу керектігін айрықша атап өтті. Бұл өз кезегінде шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарыққа сапасы жоғары өнім шығаруға мүмкіндік береді.

   Бүгінде Жаңақорған ауданында аграрлы саланы дамытуда тың серпіліс бар. Әсіресе, күріш шаруашылығының көкжиегі күн санап кеңеюде. Дәнді дақылды егіп қана қоймай, оның өңдеу технологиясына қомақты қаражат құйып жатқан шаруа қожалық бар. Қожакенттік Изатулла Үсенов төрағалық ететін «Нұрбол-И» шаруашылығы ауыл тайқазанын тасытып, күріш ақтайтын диірменді іске қосты. Қытай елінде құрастырылған шағын зауыт тәулігіне 20-25 тонна ақ күрішті ақтауға қауқарлы.
– Елбасы жыл сайынғы Жолдауында аграрлы саладағы экспорттық әлеуетті арттыру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма жүктеуде. Жалпы, нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Бәсекеге қабілетті өнім шығара алсаң ғана, оны экспорттауға даңғыл жол ашылады. Бұл бағытта біздің күріш ақтау зауыты стандартқа сай. Оған қоса, жаңа элеватор орнаттық. Қазақстан қалаларынан бөлек, көршілес елдерге өнімді саудалауды бастадық. Әзірге Өзбекстан, Ауғанстан еліне ақталған күріш экспорттадық, – дейді Изатулла Үсенов.
Ауданға танымал меценат болудың артында мехнаты мол маңдай-тер жатқанын тілге тиек еткен кәсіпкердің еңбегі зор. Механик, қырман меңгерушісі сынды қызметте шыңдалған Изатулла ұйымдастырушылық қабілетімен танылып, көзін тауып қапысыз қимылдағанның қыр асатынын ісімен дәлелдеді. 2012 жылы «Нұрбол-И» шаруа қожалығын құрып, егін және мал шаруашылығын қатар дамытуға білек сыбана кірісті. Бүгінде 200 гектар суармалы жері мен 500 гектар мал жайылымдық жерінен несібесін теруде.

Е.Райымбек.

14 мамыр 2019 ж. 896 0