Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тегін дәрі-дәрмекті кімдер, қалай алады?

Тегін дәрі-дәрмекті кімдер, қалай алады?

Коронавирус әлем елдеріне тез тарап, шекаралар жабылып, карантин жарияланған тұста дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшы болғаны белгілі. Тіпті бағасы бірнеше есе қымбаттап, тегін дәріні іздегендер саны артты. Қазір жағдай тұрақтана бастады. Дегенмен тегін дәріні кімдер, қалай алатыны жайлы сұрақтар мазалайтыны жасырын емес. Осыған жауап іздеп, аудандық емхананың провизоры Сайлау Артықовқа хабарластық.

– 2019 жылы ауданда 8220 диспансерлік есепте тұрған науқасқа 27819 рецепт жазылып «СК Фармация» ЖШС арқылы 232 млн теңгеге дәрі-дәрмек алынды. 2020 жылы 350 млн теңгеге алдын-ала тапсырыс беріліп, бүгінде 295,2 млн теңгенің тегін дәрілері берілді. Бұл – жыл аяғына дейін жалғасады. Сондай-ақ, «АЛО» бағдарламасы бойынша да дәрілер әр айға бөлініп, диспансерлік есепте тұратын науқастарға рецепт арқылы беріледі, –деді маман.
Сайлау Түгелбайұлының айтуынша, амбулаториялық деңгейде тегін рецепт алу үшін науқас емханада тіркелген, диспансерлік есепте тұруы керек. Яғни дәрі алушы кешенді медициналық ақпараттық жүйесінде (КМИС) тіркелуде тұруы міндетті.
Сондай-ақ провизор маманнан қандай ауру түрлеріне ақысыз берілетін дәрілердің тізімін білдік. Бірінші кезекте, ересектер тобы бойынша психикалық жүйке аурулары, жүрек-қан тамырлары ауруы, созылмалы бронхит, пневмония, ағза мүшелерін ауыстырған науқастар, асқазанның ойық жарасы, бүйректің созылмалы жетіспеушілігіне, онкологиялық қатерлі ісік ауруларына, бауырдың гепатит созылмалы В, С түрлеріне, өкпенің демікпе науқасына, жүректің созылмалы жетіспеушілігіне, сүйек буын ауруларына және де гемотологиялық, неврологиялық ауру түрлеріне тегін дәрі-дәрмек беріледі. Дүниеге келген әрбір сәбиге медициналық дәрі қобдишасы тегін таратылады. 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС арқылы дәрілік заттар тегін босатылса, жүктілік кезеңіндегі созылмалы қан жетіспеушілігіне байланысты ауру түрлеріне шалдыққан жүкті әйелдер тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
– «СК-Фармация» сайтының арнайы құрылған бөлімінде емделушілер бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайы туралы және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша босататын дәріхана туралы қажетті мәлімет таба алады. Яғни, ашықтыққа негізделген ғаламтор сайтында пациенттер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектің бар-жоғымен қоса, өзге де қажетті ақпараттарды алу үшін шұғыл байланыс телефоны көрсетілген. Түптеп келгенде, мұның бәрі мемлекет қамқорлығының бір ғана айшықты көрінісі, – дейді аудандық емхана провизоры.
Сондай-ақ көптеген жағдайда ауру жеңіл немесе орташа ауырлықта жүретінін, бірақ медициналық қолдауды қажет ететінін ескерген Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты диагностикалау және емдеу хаттамасына амбулаториялық деңгейде емделіп жатқан пациенттерге арналған негізгі бес препаратты енгізуді мақұлдағаны белгілі. Бұл тізімге қабынуға қарсы парацетамол мен ибупрофен препараттары, ривароксабан, апиксабан және дабигатран антикоагулянттары кіреді. Қазір осы жөнінде республика бойынша сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатқанынан хабардар болдық. Оған 8,6 млрд теңге жұмсалады деп болжаныпты. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша, бұл қор 1 млн науқасты қамтамасыз етуге жеткілікті деп отыр. Аудандық емхананың жауапты маманы да аталған дәрі қорлары жеткізілсе, қорда сақтап, қажетті кезінде толығымен пайдаланып, халық игілігіне жұмсауға дайын екендіктерін жеткізді.
Қорыта айтқанда, қазына қаржысы барлық тұрғындарды ақысыз дәрімен қамтамасыз етуге шамасы келмейді. Оған қоса, дәрілердің басым бөлігі өзге мемлекеттен сатып алынады. Сондықтанда, ауырып, ақысыз дәрі іздегенше, ауырмаудың жолын іздеп, салауатты өмір салтын серік еткен абзал.

Лаура БИБАСАРОВА
07 қыркүйек 2020 ж. 500 0