Тегін дәрі-дәрмекті кім және қалай алады?
Дәрі-дәрмекке байланысты қиындықтар кездесіп жүр ме? Тегін берілуі тиіс дәрілерді ала алмай жүрсіз бе? Аса қажетті дәрілер дәріханада жоқ па? Олай болса, денсаулық сақтау министрінің 2017 жылдың 29 тамызындағы №666 бұйрығына сәйкес, Қазақстанда тегін мемлекеттік медициналық көмек аясында бекітілген дәрі-дәрмекке тегін қол жеткізудің жолын айтамыз...
Елде халықты дәрімен қамтамасыз ету кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем шеңберінде жүзеге асады. Амбулаторлық кезеңде дәрілерді беру тегін болса, тізбе негізінде амбулаторлық-емханалық ұйымдарға бекітілгендер дәрігердің жазып берген рецептісі бойынша жүргізіледі. Осы ретте, тегін дәрі-дәрмекке кімдер қол жеткізе алады? Қандай науқас түрлеріне ақысыз дәрі алуға болады? деген сұрақ туындайды. Аталған сұрақ жауаптарын алу үшін аудандық емхананың провизоры Сайлау Артықовты сөзге тарттық.
– Амбулаториялық деңгейде тегін рецепт алу үшін науқас емханада тіркелген, диспансерлік есепте тұруы тиіс. Яғни ақпарат тіркеу реестрінде болуы қажет. Аудан бойынша 2019 жылы «СК Фармация» ЖШС арқылы 8220 диспансерлік есепте тұратын науқасқа 27819 рецепт жазылып, 232 037 685,3 теңгенің дәрілік заттары босатылды. Ал 2020 жылы амбулаториялық науқастарды тегін дәрі дәрмекпен қамтамасыз етуге «АЛО» бағдарламасымен дәрі-дәрмектер ай-айға бөлініп, диспансерлік есепте тұратын науқастарға рецепт арқылы үлестірілуде. Дәрі-дәрмектің босатылу тәртібі «СК Фармация» ЖШС-нің рецептісімен «ИСЛО» бағдарламасы негізінде тарқатылуда. Ал берілу тәртібі диспансерлік есепте тұратын науқастар, – дейді маман.
Провизор маманнан ақысыз берілетін дәрілер қандай ауру түрлеріне берілетінін білдік. Бірінші кезекте, ересектер тобының тізімінде көрсетілген психикалық жүйке аурулары, жүрек-қан тамыр ауруы, сондай-ақ созылмалы бронхит, пневмания, ағза мүшелерін ауыстырған науқасқа, асқазанның ойық жарасы, бүйректің созылмалы жетіспеушілігіне, онкологиялық қатерлі ісік ауруларына, бауырдың гепатит созылмалы В, С түрлеріне, өкпенің демікпе науқасына, жүректің созылмалы жетіспеушілігіне, сүйек буын ауруларына және де гемотологиялық, неврологиялық ауру түрлеріне шалдыққандар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Ал дүниеге келген әрбір сәбиге медициналық дәрі қобдишасы тегін берілсе, 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС арқылы министрліктің №666 бұйрығына сай амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар тегін беріледі. Жүктілік кезеңіндегі созылмалы қан жетіспеушілігіне байланысты ауру түрлеріне де тегін дәрі-дәрмек қаралған.
«СК-Фармация» сайтының арнайы құрылған бөлімінде емделушілер бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайымен және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша қалай алуы керегі туралы қажетті мәлімет таба алады. Сайтта пациенттер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектің бар-жоғымен қоса, өзге де қажетті ақпараттарды алу үшін шұғыл байланыс телефоны орнатылған. Түптеп келгенде, мұның бәрі мемлекет қамқорлығының бір ғана айшықты көрінісі екені анық.
Лаура БИБАСАРОВА