№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа оқу жылы: әзірлік қандай?

Жаңа оқу жылы: әзірлік қандай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова “Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы” баяндады. Айталық, 2020-2021 оқу жылында облыстағы 293 орта мектепте 169 143 оқушы білім алатын болады. Оның ішінде 1 сыныпқа 18 423 бала қабылданады.

Биылғы жаңа оқу жылының ерекшелігі, 1 қыркүйектен бас­тап қала мектептері жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшіріледі. Яғни, Арал ауданынан – 9, Қазалы ауданынан – 3, Байқоңыр қаласынан – 5, Қызыл­орда қаласынан – 41 мектеп, барлығы 58 мектепті аталған механизмге көшіру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жаңа оқу жылы еліміздегі эпи­демологиялық жағдайға бай­ланысты Білім және ғылым ми­нистрлігі ұсынып отырған бағыттар бойынша басталады. Нақтырақ айтсақ, бірінші, облыстағы 222 мектептегі 116 888 оқушы қашықтан оқы­тылады. Қашықтан оқыту BilimLand, Дарын-онлайн интернет платформалары арқылы жүргізіледі.
Екіншіден, 1-4 сыныптағы 41 547 оқушы (3141 топта) дәстүрлі  оқиды.  Үшіншіден, шалғай орна­ласқан елді мекендегі 71 мектепте 10712 оқушы дәстүрлі оқытылады. Айта кетейік, дәстүрлі түрде білім алатын оқушылар күнделікті сабақ барысында 5 сатыдан тұратын дезинфекциядан өтетін болады. Осы мақсатта дезинфекциялық тунель, санитайзерлер, байланыс­сыз термометр, дезинфек­ция­лық  ылғалды жуып тазалау құрал­дарын алуға 182 млн теңге қаржы бағытталды.
Қашықтан оқыту бойынша оқушылар мен мұғалімдердің арнайы құрылғылармен (компьютер, ноутбук, планшеттер, смартфон) қамтамасыз етілуіне, интернет және ұялы байланыстың қолжетімділігіне мониторинг жасалды. Алдын ала айқындалғандай, 158 790 оқушының (88 028 отбасы) электронды құрылғылары бар. Ал электронды құрылғысы жоқ 9 687 оқушыны компьютерлік техникамен қамтуға тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Бүгінгі күн­ге  мектеп балансындағы  2800 компьютер мұқтаж отбасыла­рына уақытша пайдалануға беріл­се, демеушілер есебінен 239 планшет, 15 ноутбук берілді. Сонымен қатар, саладағы үнем­делген бюджет есебінен 176,7 млн теңге 2 635 планшет алуға бағытталды. Бұдан бөлек, әлжуаз топтағы отбасы балаларына 2020 жылы республикалық бюджетттен 3,4 млрд теңгеге 22870 компьютерлік техникалар алу жоспарлануда. Айта кетейік, компьютерлердің сатып алу жұмыстары ашық әрі жариялы түрде өтеді.
Интернет байланысы жоқ 25 елді мекендегі 2 187 оқушы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі түрде оқиды. Арал ауданы Қаратерең ауылындағы  393 оқушының  157-сі кезекші топтарда дәстүрлі оқы­тылса, қалған оқушыларға  телесабақтар арқылы білім бері­леді. Сонымен қатар, қала, аудан әкімдіктері дәстүрлі түрде өт­кізілетін «Мектепке жол» акция­­сы басталды. Биылғы акцияның мақсаты – әлжуаз отба­сынан шыққан  балаларды электронды құрылғылармен және интернетпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, қашықтан оқы­туға байланысты 18 мың мұғалім 17 тамыздан бастап арнайы онлайн курстан өтуде.
2020 жылы оқулықтар сатып алуға барлығы жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге қа­рал­ды. Қар­жының 33%-і жаңар­тылған білім беру маз­мұ­нына көшетін 11 сынып оқу­шыларын оқулықтармен қамтуға бағытталса, қалғаны  оқу­лық қор­ларын толықтыру үшін жұм­салды. Бүгінгі күнге 15 баспамен  115 келісім шарт жасалып, алдын ала 30% төлемақысы аударылды.
Облыс бойынша  2020 жылы 7 млрд теңге қаржы бөлініп, 55 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары  жүргізілуде. Оның 12-сі балабақша,  33-і мектеп,  4-і мектептен тыс мекеме, 5-і колледж ғимараттары. Оның ішінде 20 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Бұл мақсатта  14 мектепке «Жұмыспен қамтудың Жол картасы», 4 мектепке «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша және 1 мектепке облыстық бюджет есебінен, барлығы 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.  Жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталады деп  жоспарланып отыр. Сонымен бірге, биылғы оқу жылында облыста 740 орындық 2 мектеп құрылысы пайдалануға беріледі. Олар Жалағаш ауданы Шәменов ауылындағы №34 апатты мектептің 140 орындық жаңа ғимараты және Қызылорда қа­ласы Жаппасбай батыр көшесі бо­йындағы 600 орындық жаңа мектеп.
2020-2021 оқу жылында облыстағы 30 колледжде қа­шықтан оқыту жүйесінде білім беру жүзеге асырылады. Жаңа оқу жылыда жер­гілікті бюджеттен 3108 орын, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1515 орын мемлекеттік тапсырыс негізінде жалпы 4623 студент, ақылы негізде 1500 студент, барлығы 6123 студентті қабылдау  жоспарланып отыр.
24 тамыз 2020 ж. 654 0