№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ерекше оқу тоқсанын еңсердік

Ерекше оқу тоқсанын еңсердік

ХХІ ғасыр талабына сай қоғамда өзіндік салмағы бар білім саласында жаңашыл бағыттар айқындалып, жолға қойылған. Алайда төтенше жағдайға байланысты оқу про­цесі дґстүрлі ырғағынан бөлек, қашықтан оқытылды. Онлайн оқыту тґжірибесі қан­шалықты тиімді болды? Оқу жылын қорытындылауда қан­дай өзгерістер енгізілген? Осы сауалдарға орай облыстық білім басқармасы басшысы міндетін уақытша атқарушы Ақзира Қасымовамен сұхбат­тасқан едік.
 Ақзира Бақтыбайқызы, елімізде қабылданған карантин ережелеріне байланысты төртінші тоқсан қашықтан оқыту форматында бас­тал­ды. Осы орайда облыс ау­ма­ғында қашықтан оқыту жұмысы қай деңгейде жүзеге асырылып отыр?
– Иә, әлемдік пандемия біздің елімізде де тосын шешімдер қабылдауды қажет етті. Сол себептен соңғы оқу тоқсанын бұрынғыдан мүлде басқа тәсілмен бастауға тура келді. Яғни, облыстағы 293 мектептегі 161 779 оқушы осы жылдың 6 сәуірінен бастап қа­шықтан оқыту форматына көшірілді.Білім басқармасы оқу­шы­лардың электронды құрыл­ғыларымен және интернет, мобильді интернет байланысымен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізді. Осылайша электронды құрылғылар жетіс­пейтін отбасыларына мектеп балансындағы ­компьютерлер уақытша пайдаланылуға бе­рілді. Нақтырақ айтсақ, 6 443 от­басының 12 009 баласы компьютерлермен және планшеттермен қамтамасыз етілді.Өзіңізге белгілі, бүгінде балалар «Еларна», «Балапан» телеарналары арқылы теле­визиялық сабақтарды кө­ріп, сол бойынша берілген тап­сырмаларды ­орындайды. Нақ­тырақ айтсақ, облыс бо­йынша телесабақты 90 525 оқушы көріп отыр. Сонымен қатар, баста­уыш сыныптардың таңертеңгі уақыт айырмасын ескеріп, жергілікті «Қызылорда», «Қо­ғам ТВ» телеарналары ар­қылы олардың сабақтары қай­таланып берілуде.Тағы бір жолы – қолжетімді интернет платформалар ар­қы­лы оқыту. Айталық, 71 254 оқушы Kundelik.kz, BilimLand, Daryn.оnline платформалары негізінде оқу мүмкіндігін пайдаланып отыр. Бұл ретте кері байланыс тетіктері электронды почта, электронды күнделік, WhatsApp мессенджері, ұялы және стационарлық телефон арқылы жүргізілуде. Ал, электронды күнделікті қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда ұстаздарға қағаз журнал пай­далануға рұқсат етілген.Әрине, қашықтан оқытудың алғашқы кезеңі оқушылар, ата-аналар, тіпті мұғалімдер үшін де біршама қиындық тудырғаны рас. Өйткені бұл – педагогтар үшін жаңа тәжірибе. Сонда да ұстаздар қауымы уақытша қиындықтарды көп ұзамай-ақ еңсеріп, емін-еркін жұмыс жасауды игеріп алды. «Көш жүре түзеледі» дегендей, қазір оқушылар мен мұғалімдер қашықтан оқытудың технологияларын меңгеріп, жұмыс бір арнаға түсті. Біз соны аңғарып отырмыз.
– Қашықтан оқытуда қиын­­­­дық тудырып отырған мәсе­лелер бар ма? Мысалы, кейбір шалғай елді мекендерде байланыс сапасы төмен. Бұл мәселе қалай шешімін тауып жатыр?
– Әрине, біз қашықтан оқыту форматы басталмас бұ­рын облыс бойынша әрбір білім беру ұйымдарының мәселесіне мониторинг жасадық. Бұл орайда аса өзекті проблемалар анықталған жоқ. Рас, облыста интернеті және ұялы байланысы жоқ 25 шалғай елді мекен бар. Десек те, олар «Отау ТВ»-ға қосылған. Сондықтан аталған елді мекендердегі 2 646 оқу­шы «Балапан» арнасындағы теле­сабақтар арқылы қашықтан оқытумен қамтылды. Ал жоға­рыдағы елді мекендерді интернет байланысымен қамту бағытында жұмыстар қолға алынып жатыр.
– Оқу жылы аяқталуға таяу. Биыл қанша оқушы мектеп бітіреді? Олардың қатарында «Алтын белгі», «Үз­дік аттестат» үміткерлері қан­ша? Жалпы қалыптасқан жағ­дайға байланысты біті­ру­ші тү­лектерге қандай жеңілдіктер қарастырылған?
– Биылғы оқу жылы ерекше жағдайда аяқталады деп отырмыз. Айталық, 2019 – 2020 оқу жылында облыстағы 261 мектепте 6 060 оқушы 11-сыныпты бітіреді. Олардың 572-сі «Алтын белгіге», ­288-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Өздеріңізге белгілі, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес мектеп бір­тірушілер үшін мемлекеттік емтихандар өткізілмейді. Ат­тес­татқа жылдық қоры­тын­ды ба­­ғасы қойылады.
– Жылдағы дәстүр бойынша мектеп бітіруші түлектер қоштасу кештерін өткізе алады ма? Оған байланысты қандай талаптар қойылып отыр?
– Оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 3-4 маусым күндері 11-сыныпты бітірушілер үшін «Аттестат тапсыру» және «Соңғы қоңырау» шара­лары біріктіріліп, салтанатты жиын­дар өткізіледі. Шара өту барысында санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Мерекелік жиын мек­тептің сыртқы ауласында өткізіледі. Оған бір сынып оқушылары және ата-анасының біреуі қатысады. Сырттан қонақтар шақырылмайды. Егер мектепте 2-3 сынып болатын болса, кезекпен өткізіледі.Салтанатты жиынға бі­ті­руші түлектер мектеп формасымен қатысады және барынша қарапайым түрде өтеді деп жоспарланып отыр. Шаралар таңертеңгі уақытта 45 минуттан аспайтын тәртіппен ұйымдастырылады. Ал 1-10 сынып аралығындағы оқушылар үшін «Соңғы қоңырау» салтанаты онлайн режимінде өтеді.Осы сұхбатты пайдана­ла отырып айтарым, үй­лер­де, ресторандарда мектеп бітіру кештерін өткізуге және бітірушілердің автокө­лік­тер­мен кортежге шығуына қатаң тыйым салынады. Сол сияқты, оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастыруға, мектептерге сыйлық алуға оқушылар мен ата-аналардан, педагогтардан ақша жинауға жол берілмейді.Айта кетейік, жасалып жатқан шектеу шараларының барлығы – бітірушілердің ден­саулығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған орай, ата-аналар түсіністікпен қа­был­дайды деп ойлаймын.
– ҰБТ-ға байланысты өз­ге­рістер бар ма? Бітіруші тү­лектер үшін тестілеу сынағы қай уақытта өтеді?
– Ұлттық бірыңғай тес­тілеу 20 маусым-5 шілде аралығында, жылдағыдай 9 тестілеу пунктінде өткізіледі деп жоспарлануда. Бүгінде ҰБТ-ға қатысуға 5161 бітіруші өтініш берді. Бір қуанарлығы, биыл ҰБТ-ға қатысуға өтініш бергендер саны артып отыр. Айталық, өткен оқу жылында ҰБТ-ға бітіруші түлектердің 72 проценті өтініш берсе, биыл 85 проценті өтініш берген. Жалпы ҰБТ өткізудің форматы өзгеріссіз. Бұрынғыдай талапкерлер 5 пән бойынша 120 сұрақтан тұратын тест тапсырып, ең жоғары 140 балл жинауға мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, негізгі өз­герістің бірі – педагогика ма­мандығы бойынша шекті балл 70 балға көтерілді. Сон­дай-ақ, мемлекеттік гранттар оқыту тіліне қарамастан тағайындалады. Баса айта кеткім келеді, ҰБТ-дағы ба­қылау күшейтілді. Тестке қа­тысушылардан метал­ліз­де­гіш­­тен өту барысында тыйым салынған заттар – смартфондар, қарапайым телефондар, гаджеттер, қағаз жазбалар табылса, тестілеуге жіберілмейді.ҰБТ-ны өткізу барысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің арнайы мони­то­рингтік тобы мен қоғам ба­қылауы жүргізеді. Сонымен бірге, «Digital Agent» қосым­шасы арқылы ата-аналар online көре алады. Ал ҰБТ сертификаты мен мемлекеттік грантты иелену куәлігі электронды форматта беріледі.
Әңгімелескен
Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».
24 мамыр 2020 ж. 1 735 0