№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Карантин талаптарын сақтайық

Карантин талаптарын сақтайық

Карантин шаралары кезең-кезеңімен алынады. Бұл жайлы Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында белгілі болды. Бұл жөнінде газеттің өткен нөмірінде берілді. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы №20 Қаулысы шықты.


Қаулыға сәйкес Қызылорда облы­сының аумағында спорттық, отбасылық, салтанатты, мерекелік (банкеттер, үй­лену тойы, мерейтой, еске алу), мәде­ни-көпшілік, конференциялар, се­ми­­нарлар, көрмелер және т.б. іс-ша­­раларын өткізуге тыйым салы­нады. Балалардың жазғы тынығу лагерь­лерінің қызметіне де уақытша шектеу қойылады.
Сондай-ақ, банкет залдары, сауда-ойын-сауық кешендері жанындағы бала­лардың ойын алаңдары мен кинотеатрлар, сондай-ақ, компью­тер­лік, интернет, бильярд клубтар, букмекерлік, лото конторлар жұмысына әзірге кірісе алмайды. Бұл қатарға театр, концерт залы, мұражай сынды мәдени объектілер мен діни-жоралғы орындары да жатады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Рес­публикасы Кодексінің 104-бабының 3-тармағына сәйкес күшейтілген сани­тарлық-дезинфекциялық талап­тарды сақтай отырып:
– Сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда нысандары (толтырылуын 30 проценттен асырмай) сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін;
– Сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін;
– Меншік нысанына қарамастан балабақшалардың кезекші (15 баладан асырмай) топтарына;
– Фитнес орталықтар (бассейінсіз), тренажер залдары (орталықтары), спорттық-сауықтыру орталықтарының (үйірмелер, секциялар) жұмысына (1 адамға 5 шаршы метрге дейін болу, толтыруын 50 проценттен асырмай, алдын ала жазылумен) сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;
– Қоғамдық монша, сауна (бассейінсіз, толтырылуы 50 проценттен асырмай) жұмысына сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін;
– Әлеуметтік қашықты сақтай отырып Ұлттық құрама, клуб коман­даларына спорттық жаттығулар өткізу­ге (30 адамнан асырмай, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
– Аудан орталығындағы қоғамдық көліктің жұмысына сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін (соңғы аялдамада де­зин­фекциялық тазарту, жолаушылар саны көліктегі орындар санына сәйкес болуы керек);
– Қоғамдық орындарға (демалыс саябақтары, саяжолдар, субұрқақтар, жағалаулар және т.б демалыс орындары) 3 адамнан аспайтын топ­тармен немесе бір отбасы мүшелеріне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін;
– Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне 1 адамға 4 шаршы метрге дейін болу, толтырылуын 30 проценттен асырмай) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
– Ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы және үй жайда 30-дан аспайтын отыратын орын орна­та отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін;
– Халыққа қызмет көрсету орта­лықтарына алдын ала Egov.kz, Egov.kzBBot 2.0 телеграмм-ботпен брондау арқылы сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Аудандық тауарлар мен көрсе­тілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы, ауданның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шынар Айда­рова­ның сөзінше, коронавирустан ау­дан тұрғындары жазылып шыққаны, енді қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Сондықтан сақтық шараларын ұстанып, босаңсымау керек.
Бұл пікірді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов те қолдайды.
– Еркінсуге әлі ерте. Вирус көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды. Қайдан, қалай келетінін білмейсіз. Әзірге әлем елдері коронавирусты толық құрықтаған жоқ. Індетті жұқтырғандар саны 21 миллионнан асты. Оның 770 мыңға жуығы бақилық болды. АҚШ, Англия, Франция, Италия сынды дамыған елдерде эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақтанған жоқ. Статистика бойынша Бразилия, Ресей, Үндістан, Мексика вирусты жұқтырғандар саны бойынша алдыңғы орынға шықты. Бұл елдермен біз экономикалық және т.б байланысымыз жоғары. Сол себепті коронавирустан толық арылдық деуге ерте. Сақтанып жүріп, өзімізді және жақындарымыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайық, – деді Әбілғазы Берденұлы.
Қазір кәсіпкерлік субъектілер мен кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатуына байланысты қаржылық қиын­дықтарды сезініп отырған отба­сылар аз емес. Дегенмен каран­тиндік талаптарды сақтамасақ, эпиде­миологиялық ахуал күрделене түсетіні анық. Оған мамыр айындағы жағдай дәлел бола алады.


Ерлан АБДРАСИЛОВ

18 тамыз 2020 ж. 659 0