№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шектеу шаралары маңызды

Шектеу шаралары маңызды

Елде індеттің таралуы әзірге толастамай тұр. Тек біздің елде ғана емес, әлем елдері де бұл тілсіз жауды ауыздықтай алмай отыр. Ақпарат көздеріне қарағанда, 24 шілдеде әлем бойынша 15 миллион 473 мың адамнан коронавирустың белгілері анықталып, оның 633 мыңы өлді. Эпидемиологиялық ахуал Латын Америка, Еуропа, Азия елдерінде де өте күрделі. Әсіресе Бразилия, Мексика, Англия, Испания, Фаранция, Үндістан және т.б вирусты жеңу қиын болып тұр. Біздің елде бір айда коронавирусты жұқтырғандар саны бірнеше есеге өсіп, 78 мыңнан асты. Осыған орай, қауіпсіздік шараларын шектеу көзделуде.


«Егемен Қазақстан» газетінде жария­ланған «Шектеу шаралары күшей­тіл­ді» мақаласында әлем елдеріндегі карантиндік шараларды келтіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы вирустың қаупі сейілмегеніне назар аударып, індеттің таралуын төрт бағытта сипаттады. Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың сөзіне сүйенсек, әлем елдері коронавирус құрсауынан құтылуына әлі ерте.
«Бірінші жағдайда, мемлекет тез қимылдап, алғашқы науқас тіркелген бет­те-ақ жедел әрекетке көшті. Нәти­жесінде, бұл елдерде вирустың таралуы қарқынды сипат алған жоқ. Бұл категорияға Кариб теңізіндегі, Тынық мұхитындағы бірнеше мемлекет кіреді», деді ұйым басшысы. Сондай-ақ кей елдер науқастарды және олармен байланыста болғандарды тез анықтап, халық пен медицина саласы бірлесе отырып вирусқа қарсы тұрған. Аталған екі санатқа кіретін елдерде қазіргі таңда COVID-19-дың таралуы баяу. Ал келесі топқа кіретін мемлекеттерде әуелі пандемияның бірінші толқынын локдаун арқылы жеңе алғанымен, карантиндік шектеу шара­ларын жеңілдету нәтижесінде індет қайта тарай бастаған. Соңғы санаттағы елдерде вирус қарқынды түрде халыққа жұғып жатыр. Бірқатар мемлекет шектеу шараларын қайта күшейтті. Гонконгте сейсенбіден бастап ара қашықтықты сақтауды міндеттеді. Ел билігінің айтуынша, коронавирустың кең көлемде тарауының ықтималдылығы өте жоғары. Осыған байланысты қоғамдық көлікте, қоғамдық орында бетперде тағылуы тиіс. Алда-жалда бетперде тақпаған адам қоғамдық көлікке мінсе, оған 645 доллар көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ мейрамханалар мен дәм­ханалар жұмысы тоқтатылып, тамақ жеткізу қызметі ғана қалды. Пандемия басталғалы бері Гонконг карантиндік шектеуді мұншалықты күшейтпеген еді.
Мұндай шектеу шаралары Филип­пин, Жапония, Аустралия, Англия, Мек­сика және т.б елдер де қолға алды. Әр ел карантиндік талаптарды сақтамағандарға үшін әр түрлі деңгейде құқықтық шектеулер немесе айыппұлдар салуда.
Қызылорда облысының бас санита­рының қаулысын негізге алған аудан әкімі Сұлтан Мақашов сауда орындарына 17.00-ге дейін ғана жұмыс жасауды шек­теп отыр. Шағын дүкендерге де шектеу бар.
Сондай-ақ спорттық-мәдени, ойын-сауық шаралары мен семинарлар, отбасылық той-томалақты өткізуге қатаң тыйым салынды. Жабық сауда орындары жұмыс істеуін тоқтатты. Демалыс күндері азық-түлік, құрылыс жабдығы, үй жиһаздарына арналған ірі сауда үйлері де жұмыс жасамайды. Тұрғындар ара қашықтықты сақтай отырып қызмет түрлерін алуы міндет.
Тұрғындар арасында белсенді ақ­па­раттық түсіндіру жұмыстары жасалып, ширата түсу де маңызды. Өзіңді оқшаулау арқылы және көпшілік жерлерге барудан тыйылу арқылы біз вирустың алдын аламыз.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
25 шілде 2020 ж. 582 0