Коронавирус өршіп тұр
Маусым-шілде айында коронавирус өрши түсті. Дерек көздеріне қарағанда, коронавирусты 11 778 178 адам жұқтырып, оның 541 673 өлді.
Вирустан зардап шеккен елдер арасында АҚШ бірінші орында тұр. Онда 3 041 312 адамнан вирус анықталып, тиісті емін алуда. Бразилия, Англия, Италия, Мексика, Франция, Испания, Үндістан сынды елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделені түсті. Тіпта мамандар коронавируспен күресу бақылаудан шыққаны жөнінде дабыл қағуда.
Қазақстанда да коронавирустың залалы мен зардабы ауыр болып тұр. coronavirus2020.kz сайтындағы деректер бойынша, 49683 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде 16298 науқас жазылып шықса, 264 адам өлді.
Қызылорда облысы бойынша 1456 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде, Қызылорда қаласы – 682, Арал ауданы – 77, Қазалы ауданы – 55, Қармақшы ауданы – 99, Сырдария ауданы – 97, Жалағаш ауданы – 70, Шиелі ауданы – 142, Жаңақорған ауданы – 234 адамды құрайды. Бұл кешегі мәлімет болатын.
Қарап тұрғандырыңыздай, Жаңақорған аудандар арасында алдынғы шепте тұр. Қазір аудан әкімі мен ауруханың басшылығы, дәрігерлер эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға күш салуда. Яғни провизорлық стационарлық орталықтар құрып, Call-орталықты іске қосты.
Сондықтан жақсылықтан үміті үзбейік! Сақтанайық!

Айжан ЫДЫРЫС