Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 51

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жұмбақ дертті жұмыла жеңуіміз қажет

Жұмбақ дертті жұмыла жеңуіміз қажет


Ел басына түскен нәубет үн-түнсіз келіп, қаншама аяулы азаматтарымызды арамыздан алып кетіп жатыр.
Бұл қасірет пе, қасірет. Кеше, Ұлы Отан соғысында мерт болған әке, бауыр, жақындарының қазасына өксікті өкініштің көз жасы әлі кеппей жатып жағадан алған мына қорқынышты кеселге қарсы тұрар қандай амал бар?


Соғыста жанды жалмаған жаудың оғы делік, мына індеттің құрсауына қалай іліктік? Ашық-шашық аңғал­ды­ғымыздан, тәртіпке құлақ аса білмеген парықсыздығымыздан де­сек қателеспейміз.
Бұл індеттің қайғысы, зардабы 1941-45 жылғы Ұлы Отан соғысынан зор болып тұр. Майдан даласына Жаңақорған ауданынан 4600 адам соғысқа аттанып, 2400 адам қайтпады деген нақты дерек бар. Сонда жыл сайын 4000 адам, әр айға шаққанда 40 отбасы азаматының қаза болғандығы жөнінде қара қағаз алып, қайғы жұтқан сол күндердің мұң-зары әлі ұмытыла қойған жоқ.
Ал бүгінде мына індеттен көз жұм­ғандар саны соған шамалас екен­­дігіне қарап жаның түршігеді. Қастықты өз-өзімізге тілеп, күн сайын теледидардан да, басқа ақпарат құралдарынан да айтылып жатқан насихатқа мүлде құлақ түрмедік. Айтқанды қылмадық. Тәртіпке бағы­нып, өзімізді сақ ұстамадық. Жиын-тойға бардық, орынсыз ел араладық, құда күттік, ойсыз, абайсыз ағайыншылық қуып араласа бердік. Сөйтіп ауырған адамдардың індетті кең жаюына, жұқтыруына жол бердік.
Жұқпалы дерт келген кезде ата-бабаларымыз одан сақтанудың жолын бекем ұстап, ауру туған елде белгі ретінде қара жалау ілініп, өз-өздерін айналадан алшақ ұстап, ауруды құндағында тұншықтырып, кең тарауына жол бермеген.
Әр пенденің жаны өзіне ыстық, тек жанында бас салғалы тұрған жауынан сақтануды білмеген жауап­сыздығына жаның күйзелмеске шара жоқ. Қалың елге жаның қат­ты ашығандықтан қасқая қарап тұрып талап етіп те, жалынып та, жылап та өтініп сөз айтуды парыз санадым. Айналайын, ағайын, бүкіл жаңақорғандық болып бірігейік, бір пәтуаға келейік. Бір жең, бір жағадан бас шығарып, ынтымақты тірлікке көшейік. Беті қатты беймәлім дертті сонда ғана жеңе аламыз.
Мен аудандық қоғамдық Кеңес мүшесі ретінде аудан басшылығы мен алдыңғы қатардағы актив құрамына мына төмендегі мәселелердің тез арада қолға алынып, сақтық меха­низмдерін бастандыруды жедел­детуді ұсынамын.
1. Жаңақорған кенті штабы және 26 ауылдық округі жанында жедел штаб құрылуы қажет. Мүшелері 30 адамнан кем емес штаб жұмысын аудан басшысы өзі басқарып, құра­мында медицина, ішкі істер бөлімі саласы басшылары болуы қажет. Елді мекендерде төраға ауыл әкімдері, ал мүшелері ауылда қанша көше болса сонша көшеден белсенді өкілдер сайлануы тиіс.
Аудан көлемінде құрылған штаб­тар бірінші кезекте бетперде ті­гуге мүмкіндігі бар мекемелермен (мектеп, колледж), жекелеген тігінші кәсіпкерлермен екіжақты келісімшарт негізінде күніне 7 – 10 мың дана бет­перденің дайындалуына қол жеткізуі керек. Сонда халықтың қолы қысқа тобын тегін қажеттілікпен қамтуға болады.
2. Кенттің басты көшелері мен халық қалың шоғырланатын базар, басқа да сауда орталықтары аумағын күн сайын жылжымалы көлікпен (водовоз, водараздатчик), және қосымша құралдармен арнайы де­зин­фекциялап отыруды жолға қою керек. Арнайы жасақ атқаруы тиіс бұл жұмыс күн сайын қатаң қадағалануы керек.
Барлық ауылға кіретін, шыға­тын посттарға тосқауыл қойылып, кезекшілікпен қамтылып, тұрғын­дарды ескерту және тегін маскамен қамтамасыз ету жұмысы жолға қойылуы тиіс.
Кент орталығына кіретін, шығатын жолдарға кезекшілік қойылуы тиіс.
Көпшілік орындарда бірде-бір адамның бетпердесіз жүруіне рұқсат берілмесін.
Барлық мемлекеттік мекемелер – емхана, ХҚКО, банктер, пошта, тағы басқа орындарға тек кезекпен кіріп, тәртіп сақтауды қамтамасыз ететін кезекші тобын ұйымдастыру қолға алынсын.
Орталық штаб аудан көлеміндегі барлық дәріханалармен тығыз бай­ланыс орнатып, бағаның негізсіз жоғарыламауын қадағалаумен қатар жетімді-жетімсіз дәрі-дәрмектер тізі­мін қадағалап, онымен халықтың толық қамтылуын басшылыққа алуы керек.
Ауданда індетке қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар жайымен жұрт­шылық ақпарат құралдары арқылы құлағдар болып отыруы тиіс. Сонда жөнсіз айыптау, арыз-шағымға жол берілмейді.
Аудан халқы бір-бірімізге ортақ қиындықты жеңуде үгітші-насихатшы ғана емес, бір-бірімізге жақсы сөзі­мізбен жанашыр да бола білейік дегім келеді.
Бұл індетте тамыр-таныстық жоқ, ешкімді аямайды, бет-жүзіне, бай-жарлылығына қарамайды, жаға­дан алып, жауыздық тырнағын сала­ды. Емделмесең өлесің. Белдесіп те, ерегісіп те жеңе алмас арсыз ауруды ауыздықтаудың бір ғана жолы бар. Ол есікті тарс қымтанып, ажалдың төрге озбауын қадағалап, қасіреттен аман қалуды өзімізге де, бала-шағамыз, жақындарымызға да тынбай насихаттау арқылы, және сол ережелерді мықтап сақтағанда нәтижесін береді. «Сақтансаң – сақтаймын» деген, осыны ұмытпайық.

Алмас НӘЛІБАЕВ,
Аудандық қоғамдық
кеңес мүшесі.

14 шілде 2020 ж. 346 0