Қолды керіле жоғары көтерген пайдалы
Қолды жоғары көтергенде асқазан-ішек жолдарының ирегі аздап жазылып, астың оңай жылжуына жол ашады. Бұл астың тежеліп, ашуына, шіруіне, дисбактериоз туындауына кедергі келтіреді.
Қолды жоғары көтеру арқылы омыртқаға саулық сыйлайсыз. Яғни үнемі салбыраған қолдар омыртқа қисаюына, остеохондрозға себеп. Қолды көтеру арқылы омыртқаның тіктелуіне, икемділікке жағдай туады.
Жас ұлғая келе кеуде қуысындағы, құрсақ аумағындағы органдар өзінің табиғи орнынан ауытқитыны болады. (Мысалы, «жатқан жүрек» деген ұғым бар. Қарын босаңсып, «пресс» жоғалады). Қолды жоғары көтеру арқылы ішкі органдарды жоғары көтеруге, мығымдауға болады. Сол арқылы бұл аумақтағы бұлшық ет нығаяды.
Қолды тамақ ішкеннен кейін ғана емес, су ішкен соң да жоғары көтеру керек. Сонда су ағзада көп тұрмайды, ол ішек арқылы тез өтіп, оның ішкі қабырғасын шаяды. Сондықтан тамақ ішерден 20-30 минут бұрын 1 – 1,5 стакан су ішіп жіберген де пайдалы. Бұл кезде қолды жоғары көтеруді ұмытпау керек. Әсіресе бұл іші жиі қататындар үшін керек.
...Ал қолды жоғары көтергенде оларды бір-біріне параллель ұстап немесе саусақтарды айқастыра кіріктіріп («құлып» жасау), ақырын көтере отырып асықпай керілген дұрыс. Осылай аздап жүруге де болады.
Н. ЖҮНІС.
«Ауырмаңыз!» газетінен жазылып алынды.