№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адвокаттар дауды бейбіт жолмен реттеді

Адвокаттар дауды бейбіт жолмен реттеді

Азаматтық процестік кодекстің талаптарына сәйкес тараптар дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап, дауды өзара реттей алады.
Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.
Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшының баласы үш жасқа толғанша өзінің пайдасына алимент өндіру жайлы дау бойынша азаматтық іс олардың адвокаттарының жәрдемдесуімен келіссөздер жүргізуі арқылы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.
Талап қоюшы Н. сотқа жауапкер П-ға өзінің бала күтіміне байланысты үйде жұмыссыз отырғанын негіздеп, баласы үш жасқа толғанша бұрынғы жұбайынан алимент өндіру жайлы талаппен жүгінген. Істі сот талқылауына дайындық барысында, алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық еткен судья А.Тубекбаева тараптарға дауды татуласу рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын, оның тиімділігін түсіндірген.
Сот отырысында тараптар адвокаттары Г.Увайдаева мен Д.Турабаевтың жәрдемдесуімен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Келісім шарттары бойынша жауапкер П. талап қоюшы Н.-ның пайдасына ортақ балалары үш жасқа толғанша ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенген, талап қоюшы аталған міндеттемемен келісіп, осы негізде талабынан бас тартқан.
Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтап, оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.
Естеріңізге сала кетсек, Азаматтық процестік Кодекске ағымдағы жылдың 10 маусымында енгізілген өзгерістерге сәйкес енді дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге адвокаттармен қатар заң консультанттары да жәрдемдесе алады.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі   
02 шілде 2020 ж. 662 0