№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық соты партисипативтік тәртіппен азаматтық іс қарады

Жаңақорған аудандық соты партисипативтік тәртіппен азаматтық іс қарады


Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы О. жауапкер Б. алимент өндіру жөніндегі азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар 15 желтоқсан 1998 жылы некеге тұрғандарын, бұл некеден балаларының бар екенін, 2017 жылдың сәуір айынан бастап бөлек тұратындарын, Жаңақорған аудандық сотының 16 мамыр 2017 жылғы шешімімен араларындағы неке бұзылғанын, балалар өзінің тәрбиесінде екенін, жауапкер Б., кәмелетке толмаған балаларын асырауға материалдық көмек көрсетпейтінін, ата-ана міндеттерін орындаудан бас тартып отырғанын көрсетіп, алимент өндіруді сұраған.
Сотта тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен өткізілген дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Аудандық соттың ұйғарымымен талап қоюшы О., жауапкер Б., алимент өндіруді сұраған талап қою арызы бойынша тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдері бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
                Ұйғарым заңды күшіне енбеген
          Жаңақорған аудандық сотының маманы М.Тұрғанбекұлы.
20 тамыз 2018 ж. 832 0