№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті


Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы М. жауапкер К-ден  дүние-мүлкін қайтару жайлы талаппен жүгінген.
Азаматтық процестік Кодекстің талаптарына сәйкес тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.
Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.
Аудандық сотта тараптар арасындағы дүние-мүлкін қайтару жайлы дау бойынша азаматтық іс олардың адвокаттарының жәрдемдесуімен келіссөздер жүргізуі арқылы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.
Істі сот талқылауына дайындық барысында, алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық еткен судья Э.Рыскулов тараптарға дауды татуласу, медиация, партисипативтік рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын түсіндірген.
Сот отырысында тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Оның шарттары бойынша жауапкер дүние-мүлкін белгіленген мерзімде қайтаруға міндеттеме қабылдаған, талап қоюшы аталған міндеттемемен келісіп, осы негізде талабынан бас тартқан.
Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен  заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтап, Азаматтық Процестік Кодекстің 177-бабына сәйкес оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Қайнар:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
28 қараша 2019 ж. 966 0