№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адвокаттар тараптардың татуласуына жәрдемдесті

Адвокаттар тараптардың татуласуына жәрдемдесті

 Жаңақорған аудандық сотында  тараптар арасындағы мүлікті қайтару жайлы дау бойынша азаматтық іс олардың адвокаттарының жәрдемдесуімен келіссөздер жүргізуі арқылы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.
Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.
Сотқа талап қоюшы К. жауапкер П-дан  мүлкін қайтару жайлы талаппен жүгінген.
Істі сот талқылауына дайындық барысында  алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық етуші судья И.Тұңғышбаев тараптарға дауды татуласу, медиация, партисипативтік рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын түсіндірген.
Сот отырысында тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Оның шарттары бойынша жауапкер талап қоюшыға мүлкін белгіленген мерзімде қайтаруға міндеттеме қабылдаған, талап қоюшы аталған міндеттемемен келісіп, осы негізде талабынан бас тартқан.
Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен  заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтап, Азаматтық Процестік Кодекстің 177-бабына сәйкес оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.
Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүргізіліп жатқан «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасының өз жемісін беріп, қоғамдағы дауласушылықтың деңгейінің төмендеуіне ықпал еткенін байқатады.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
01 ақпан 2020 ж. 653 0