№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ҰБТ-2020: 122 балды еңсерген түлектер

ҰБТ-2020: 122 балды еңсерген түлектер

ХХІ ғасырдың негізгі қозғаушы күші адами капиталда. Онсыз дамудың бағыт-бағдарын табу қиын. Елдің ертеңін кемелді ететін білімді жастар қалыптасып келеді. Биылғы ҰБТ-да көзіміз тағы жете түсті. Иә тестілеу қорытындысы бойынша ауданда ең жоғары балды Гүлназ Камал, Айым Еркінбек жинады.
Сақтық шараларына ерекше мән берген ҰБТ-ның екінші легінде 239 талапкер білімін сынады. Солардың ішінде оқбойы оза шапқанның бірі – №125 мектеп түлегі Гүлназ Камал. 122 балл жинаған білімпаздың жоғары жетістігінің сырын сұрадық.
– Бірінші кезекте, жоғары сыныпқа арналған пәндік кітаптарды қайта қолға алдым. Қайталап, ерінбей керекті тұстарын түртіп алып, дайындалдым. Онлайн курстарға қатысып, білімімді одан әрі жетілдірдім. ҰБТ дейінгі тест сынақтарында да жоғары балл жинап жүрдім. Таңдау пәнім – химия-биология пәнін барынша тереңдетіп оқып, ар­найы репититормен дайындалдым. Нәтижесі көз алдарыңызда, – дейді талапты жас.
Ұстаздық жолды таңдаған Гүлназ химия пәнінен дәріс берсем дейді. Білімді де білікті маман болып қалып­тасу үшін Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирил атындағы оқу орнына тапсыруды жөн көріпті. Оның жоғары жетістікке жетуінде пән мұғалімдерінің сіңірген еңбегі зор. Оның ішінде, Жанар Ахметова, Мөлдір Ақынбекова, Ғалымжан Айдарбеков, Гүлмира Қадырованың және т.б қолдауын сезінгенін айтты талапкер.
Оқушының жоғары жетістікке жетуін­де ұстаздар мен ата-ананың бірлесе, үйлесімді жұмыс жасауы шешуші рөл атқарады. Пән мұғалімі Жанар Ахметова:
– Біздің мектептің оқушылары білімге құштар. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Оқушылардың ақпарат, білім алатын көздері кеңейді. Сондықтан сабаққа үлкен дайындықпен келеміз. Ал Гүлназдың мектеп абыройын, аудан абыройын асқақтатуы біз үшін үлкен мақтаныш. Одан білікті де білімді маман шығатынына сенеміз, – деп шынайы тілегін жеткізді.
Келесі 122 балды еңсерген Төмен­арық ауылындағы №223 мектептің түлегі – Айым Еркінбек.


Ол болашақ мамандығын медицина саласымен байланыстырады. Дәрігер болуды қалаған ол биология-химия пәнін 10 сыныптан тереңдете оқи бастайды.
– Ұстаздарым «көп оқыған көште қал­майды» деген ақылын айтудан жалыққан емес. Міне, өзімде мемлекеттік сынақ – ҰБТ-дан жоғары балл жинап, қуанып отырмын. Мұндай жетістікке әуелі ата-анам, екінші, ұстаздарымның қолдауының арқа­сында жеттім. Негізгі пәнім биология болғандықтан химия пәнін де қосым­ша ретінде ережелерін жаттап, дайындықты тоқтатқан емеспін. Он­лайн курстарға бір ай уақытымды жұмсап, мектеп кітапханасымен үнемі байланыста болдым, – дейді Айым Байханқызы.
11 жыл жинаған білімі сыналған тестілеуде Айым сәл қобалжығанын айтты. Бірақ өз-өзін жинап, әрбір сұраққа мән беріп, салыстырып, дәл жауабын табуға күш салады. Нәти­жесінде ұстаздарының берген білімі ақталып, аудандағы ең үздік көрсет­кішке қол жеткізді.
– Қызымның бағындырған белесі аудан абыройы. Ендігі бар арманымыз өзі қалаған оқу орнынның грант иегері атанып, медицина саласын жетік меңгерген маман болса дейміз. Білім фундаменті бастауышта қала­натындықтан алғашқы ұстазы және барлық мұғалімдеріне алғысымды білдіремін. ҰБТ-ға дайындық бары­сында үй жұмысынан босатып сабаққа көңіл бөлуіне жағдай жасадық. Тек біліміңе ғана сен деп үнемі айтудан жалыққан емеспіз. Үмітті ақтады, – деп қуанышын жеткізді анасы Жаңагүл Көлбаева.
Иә, қорытындылай келе, қос білім­паздың мақсаты айқын, арманы асқақ. Гүлназ ұстаз болуды қаласа, Айым ақ халатты абзал жан болуда аянып қалмасы анық.
Сондай-ақ Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов биылғы ҰБТ-да талап­керлер үмітті ақтағанын айтты.

Лаура БИБАСАРОВА
30 маусым 2020 ж. 1 650 0