Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Биік мақсаттар алға жетелейді

Биік мақсаттар алға жетелейді

Жан-жақты білімді, өз бетімен шешім қабылдай білетін, біліктілігі жоғары, тәжірибелі маманға сұраныс қашанда жоғары. Осы тұрғыда аса жауапты қызмет жүгін арқалаған Көктөбе ауылдық әкімдігінің бас маманы Жанболат Байбабаевты әріптестері үздік маман ретінде мойындайды.
 





Жалпы қандай мәселе болмасын,  шешімі  әділдікте екенін түсінген кейіпкеріміз 2007 жылы  Түркістан ақаласындағы Халықаралық гуманитарлы техникалық университет колледжінің «Құқықтану» факультетіне оқуға тапсырады. Оқу орнын үздікке бітіріп, одан әрі Қ. А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетін 2013 жылы тәмамдайды.
Алғашқы еңбек жолын Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында  заңгер мамандығы бойынша бастайды. Заңгер болу – заман талабы екенін білген ол құжат әзірлеудің қыр-сырын тез-ақ меңгереді. Нәтижесінде өзін жақсы қырынан көрсетіп, 2017 жылы бас маман қызметіне ауысады. Міне, осы күннен мойнына артылған жауапкершілігі мол қызметті абыроймен атқарып келеді. Сегіз жылдық тәжірибесінде  жеткен жетістіктері де бір төбе.
Мәселен, мемлекеттік қызметшілер мерекесі қарсаңында шағын футболдан өткен аудандық жарыста «Үздік ойын көрсеткені үшін» номинациясымен марапатталса, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойында туған жерінің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өнуіне үлес қосқаны үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапат биігінен көрінді.
Әріптесі жайында ауыл әкімі Боран Әбуов: “Жұмыс барысында жауапкершілікті сезіне біледі. Тапсырылған әр істі тиянақты орындайтынымен әріптестер арасында ерекешеленеді. Талапшылдық қасиеті тағы бар. Қызметте және одан тыс уақытында әдеп қағидаттарынан жаңылмай, тұрғындармен тілдесуде сыпайылық танытады. Әр мәселеде, іс-шаралар барысында қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, сабырлы да салмақты ойларын ортаға салып отырады”, – деп болмысын аша түсті.
Бас маманның айтуынша, соңғы жылдары Көктөбе ауылының жастары елді-мекеннің экологиялық жағдайын қалыпқа келтіру, көкжелектендіру және төтенше жағдай кезінде сақтық шараларын сақтай отырып тындырымды істерді жұмыла атқарған.Ал қазіргі уақытта ауыл жастары елдімекенде соғылып жатқан мешіт үйінің құрылысына көмек қолын созуда.
 – Мемлекеттік қызметші болу үлкен жауапкершілік. Қарапайым халық бұл қызметтің барысын басы-қасында жүрмеген соң сезіне бермеуі мүмкін. Алайда мемлекеттік қызмет ауыр, кейде ауқымы  белгілі бір уақытқа сыймайды.  Мұны осы салада жұмыс істеген адам ғана біледі. Сондықтан болар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметте істейтіндердің жалақысын көтеруді тапсырды. Ел игілігі жолында маңдай терін төгіп, білім-білігін жұмсап, халықпен етене араласып жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкердің абыройы осы аталғандарды ұстанғанда ғана асқақ болмақ, – дейді Жанболат Пернебайұлы.
Иә, елжандылық, адалдық, кәсібилік ұғымын өн бойына тоғыстырған іскер азаматтың өмірлік ұстанымы – ел сенім артқан мәртебелі мамандықты абыроймен атқара білу.
Лаура БИБАСАРОВА
23 маусым 2020 ж. 579 0