№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ушыққан тұмаумен арпалысқан дәрігерлердің еңбегі ерен

Ушыққан тұмаумен арпалысқан дәрігерлердің еңбегі ерен

  Әлемді әбігерге салған короновирус індеті Қазақстанға келгеннен батсап табанынан тік тұрып, қызметке кіріскен ақ халаттылар әлі де тыным таппауда. Соңғы күндері ушыққан тұмаумен арпалысқан дәрігерлердің еңбегі ерен. Солардың бірі де бірегейі Ақерке Дайрабаева. Ол пандемиямен күрес кезінде үш ай бойы науқастармен байланысты болған жандармен жұмыс жасаған. Өзі нейрореобилитация бөлімінде дәрігер.
– Жұмыста жүрген жерімізден, бұйрық келіп бірден санаторияға жіберді. Алдын-ала хабарлағанындай осы індетпен күресуге дайын болатынбыз. Ал ендігі міндет аурумен байланыста болғандарды жіті бақылап, арақашықтықты сақтау арқылы емшаралар қолдану. Жұмыс әрине оңай болмады. Халықтың бойында үрей мен қорқыныш қатар тұр. Емдемес бұрын осы күдікті сейілтіп, бойларына сенім ұялату керекпіз. Сәуір айында 334, мамырда 254, ал маусым айының 11-не дейін 61 жанмен жұмыс жасадық. Үш ай уақыт ішінде науқаспен қарым-қатынаста болғандардың ішінде жасы егде кісілер де жүкті аналар да болды. Барлығы алғашында қатты абыржулы болатын. Уақыт өте келе яғни ауру белгілері теріс нәтиже бере бастағаннан көңілдері орныққандай болды. Десе де, сақтық шараларын қолданып жүру қажеттігін жіті түсіндірдік.
Мақаламызға арқау еткен Ақерке Ғалым­жанқызы отбасылы. Жары Бақытжан Көркембаев болса, ішкі істер саласында қызметте. Ол да халық сақшысы болған­дықтан түсіністікпен қараған. Ал екі кішкентайын ауылдағы нағашыларына жіберген. Үш айға жақын уақытта қамсыз халыққа қызмет етулері де жанұялық қолдаудың арқасында дейді олар.
Дәуір мен өркениет алмасып, заман қалай қарай өзгерсе де, дәрігерлер адам жанының арашасы болып қала береді. Олар үшін халықтың ықыласынан артық құрмет жоқ. Ерінбей еңбек етіп, антыңа адал болсаң ғана сол құрметке бөленесің. Тек ісіңмен емес, жүрегіңмен, жан қалауыңмен, болмысыңмен беріле жұмыс жасау да сөзсіз алға жетелейді. Біздің кейіпкеріміз Ақерке де қалтқысыз қызмет көрсетуді зор құрмет санап, антына адал болуды басты мұраты санайды. Біз де күн мен түнді алмастырып, ертелі кеш еңбектен қол үзбей елге еңбек етуді мақсат еткен дәрігердің жұмысына табыс тіледік.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
20 маусым 2020 ж. 653 0