№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Халықтың әлеуметтік мәселесін тыңдады

Халықтың әлеуметтік мәселесін тыңдады

Қазір ашық, жариялы болған дұрыс. Онсыз дамудың жолынан жаңылысып кетесіз. Бұл – Президенттің талабы. «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында «Ашық алаң» платформасын сондай бастаманың бірі ретінде қабылдадық. Яғни халықтың әлеуметтік мәселесін тыңдап, талқылап, шешілу жолын түсіндіріп, құқықтық кеңес берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевың модера­тор­лығымен өткен жиынға Жаңа­қорған кентінің әкімі Есдәулет Сейілов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төле­генов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлі­­мінің басшысы Жарасхан Мырзалиев, аудандық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары бөлімінің бас­шысы Зейнулла Әшірбеков және үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Алғаш рет ұйымдастырылған жобада сөз алған аудан бас­шысының орынбасары Дархан Есалыұлы:
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диа­лог – Қазақстанның тұрақ­ты­­­лы­ғы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ашық әрі есеп бе­ретін Үкімет қалыптастыру керек­тігіне басымдық берді. Осы бағыттағы «Ашық алаң» халық пен жергілікті биліктің арасындағы платформа болатынына сенемін. Тұрғындардың әлеуметтік түйткіл­ді мәселесіне назар аудару – мемлекеттің басты бағытының бірі. Сондықтан осында көтерілген кез келген мәселе қараусыз қалмайды. Жауапты басшылар ұсыныс-тілек­терге жауапкершілікпен қа­рап, дұрыс шешілуіне ықпал етуі тиіс. Біз үшін халықтың сенімі қым­бат, – деді.
Бірінші болып Жайна есімді Қаратөбе ауылының тұрғыны сөз алды. Ағасы Жомарт Жанзақовтың мәселесімен келіпті.

– Айтайын дегенім, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі мораль­дық-адамгершілік құндылық­тарды бұзуда. Сөзім дәлелді болсын, менің ағам клуб үйінің меңгерушісі. Қызметіне адал. Бірақ жиыналыстарда ауыл басшысы ағама қызметкерлерінің көзінше тіл тигізгені бар. Осы дұрыс па? – деді Жайна.
Бұл сұраққа медиатор Ақылбек Жәнібеков заң аясында жауап берді.
– Көзі ашық, көкірегі ояу аза­мат ретінде бауырыңыз Еңбек және ар-намыс кодексі бойынша шағымдана алады. Бел шешіп кіріссеңіз заң аясында шағымдана аласыз. Шешілмейтін түйін жоқ, – деп сөзін түйіндеді. Бұл мәселе аудан әкімі орынбасарының назарына алынып, алдағы уақытта тексеру жұмыстары нәтижесінде жауап берілетіні айтылды.
Ауданда ауыз су басты мәселенің бірі екені белгілі. Әлшекей көшесінің 20-дан аса үй тұрғынының ұсыныс-пікірлерін Есен­бек Қабетенов ортаға салды. Бұл мәселе жөнінде аудан әкімінің орынбасары: «Тұрғындарды жина­ңыз. Біз жауапты мамандар мен барып, көзбен көріп, шешілу жол­дарын қарастырамыз, – деп жауап қатты.
Тұрғындарды жол қауіпсіздігі де алаңдатады. Мұндай ойды Садықбек Сапарбеков көшесінің көше комитеті Тасболат Төребаев айтты.
– Біздің көше кенттегі сәулетті көшенің бірі. Жарық бар. Газ жүргізілді. Жол төселді. Алайда жүк көліктерінің жүйіткуі азаймай тұр. Былтыр көше бойында ойнап жүрген жасөспірімнің өмірін осы жүк көлігі қиды. Қазір көшеге бала жіберуге қорқатын болдық. Әрқайсымыз қауіп үстінде өмір сүрудеміз. Тиісті орындарға айтылғанымен нәтиже жоқ. Енді көше тұрғындары жазған өтінішті аудандық прокуратураға ұсынатын боламыз, – деді.
Жер кезегінің жылжымауы да «Ашық алаңда» көтерілді. Оған кент әкімі Есдәулет Сейілов былай жауап берді:
– Дәл қазіргі уақытта 6800 адам жер кезегінде тұр. Тұрғын үйге қажетті жердің берілуі 2014 жылдың тамыз айында тіркел­гендермен тоқтап тұр. Оған себеп те жоқ емес. Жер берілуі үшін алдымен инфрақұрылым жұмыс­тары жүргізілуі тиіс. Ол дегеніміз, жол, жарық және газ мәселесі. Қазірде осы бағыт бойынша құжаттар дайындалу үстінде, – деді.
Одан әрі үкімет тарапынан ком­муналдық төлемге берілетін 15000 теңге мәселесі жауапты мамандар тарапына қойылды.
– Ауданда қаншама тұрғынның су, жарық және газ мәселесі жөнінде дербес шотын біржақты етіп жинастыру енді аяқталды. Оңай шаруа болған жоқ. Бірақ осы аптада бұл мәселе шешіле­тін болады. Ескере кететіні, төтенше жағдайға дейінгі төлен­беген төлемге бұл қаражат жатқызылмайды. Сәуір, мамыр айларына төленеді. Артылған сумма келесі ай есебіне жатқы­зылады, – деп жауап қатты маман­дар.
Жиын соңында сөз алған Әбілғазы Төлегенов:
– Есеп беретін мемлекет – жаңғырудың жарқын жолы десек, бізге ашық, жариялы болу керек. Халықтың мұң-мұқтажын біліп, нені қалап отырғанын дер кезінде бағамдау маңызды. Өздеріңіз білетіндей, қазір ақпарат тасқыны қатты. Мұндай кезде халықты дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету аса маңызды іс. «Ашық алаң» платформасы сондай қызметті атқарып, халық пен биліктің дәнекеріне айналатына сенемін... – деді.
Расында елге қызмет етуде олардың талап-тілектері мен ұсныс-пікірін тыңдап, оның шешілу жолын табу аса маңызды іс. Президенттің де нақты талабы осы.
Бізді қуантқаны, тұрғындар шалғайдағы елді мекендерден келіп, ұсыныстарын ортаға сал­ды. Енді «Ашық алаңды» баян­ды ету жолында өтініштерді қарау­сыз қалдырмау маңызды деп ойлаймыз...


Лаура БИБАСАРОВА
16 маусым 2020 ж. 697 0