№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ашықтық – дамудың жолы

Ашықтық – дамудың жолы

«Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында өткен «Халықтық заңгер» акциясына жаңақорғандықтар көптеп жиналды. Тегін заңгерлік көмек көрсету бастамасының өтуіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйытқы болды. Мақсат – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру мен қоғамда орын алған өзекті мәселелерді талқылап, шешілу жолдарын табу.

Жиында жергілікті атқарушы билік пен қоғамдық ұйым өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, Жаңақорған кентінің әкімі Әбунәсір Бекішов, Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбеков арнайы қатысты. Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Серікбек Өмірбек, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультанты Мақпал Ермаханова және партияның саяси кеңес мүшесі Серік Мұсабай, полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерзақ Жақсыбеков, орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Зәуреш Тлепбаева тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Келушілер жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі, жер алу, кәсіпкерлікті дамыту үшін қайтарымсыз гранттар алу, мүгедектікті рәсімдеу, атаулы әлеуметтік көмек алу және тағы басқа сұрақтар бойынша жүгінді. Жиын барысында мәселесі шешілгендері де болды. Соның бірі – өзгенттік Мақпал Әсетова.
– Кәсіпкерлік палатасы арқылы тігін тігу техникасын толығымен меңгеріп, оқып, жеке кәсібімді ашсам деймін. Өзім жалғызбасты анамын. Осы мәселе бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаңабек Тұрлыбековке жолықтым. Ол кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын түсіндірді. Әрі бір айлық курсты оқып, 505 мың теңге көлемінде грант иегері атануға болатынын айтты, – деп қуанышымен бөлісті.
Дамудың бір жолы – ашықтық пен жариялылық қағидатын ұстану. Осы қағида негізінде өткен «Халықтық заңгер» мобильді қабылдау акциясы халыққа жақындап, мәселені шынайы шешудің тетігі секілді көрінді.
Еркін сұрақ қойып, жан-жақты жауап алған тұрғындар акцияны өткізушілерге алғыстарын жеткізді. Айта кететіні, ауылдық жерден келген азаматтаросындай мобильді топтар алдағы уақытта ауыл-ауылда өткізілсе деген ниеттерін жеткізді.

Лаура БИБАСАРОВА
19 қазан 2019 ж. 864 0