Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңақорған: инфекция жұқтырғандар саны артуда

Жаңақорған: инфекция жұқтырғандар саны артуда

Төтенше жағдай мерзімі аяқталып, жеңілдетілген карантин режимі талаптарын сақтамаудың салдарынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті.


Мамыр айының 24-25-і күндері Жаңақорған кентінің 1 тұрғыны отбасында жиын өткізіп, туған күн тойлап, көпшілік болып шоғырлану салдарынан 18 адамның инфекция жұқтыруына себепші болған.

Осындай шектеулерге немқұрайлықпен қарап, ресми ақпараттарға мән бермей жалған ақпараттаға сенудің салдарынан санитариялық – гигиеналық нормаларды сақтамай маусым айының алғашқы аптасында 22 науқас тіркеліп отыр. Әрине алаңдатарлық жағдай. Сондықтан да ресми ақпараттарға жүгініп, оқшауланудың қатаң тәртібіне бойұсынып сақтанғанымыз абзал.

Коронавирус инфекциясын жұқтырып алудан сақтанбау өзіңнің де, өзгенің де өміріне аса қауіпті екенін мүлдем естен шығармауға тиіспіз.
Жаңақорған аудандық әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінен.
07 маусым 2020 ж. 866 0