№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көпқабатты үйлерде терезені ашық қалдыруға болмайды

Көпқабатты үйлерде терезені ашық қалдыруға болмайды

Облыс аумағында көпқабатты үйлерде ата-аналардың қадағалауынсыз терезеден құлау дерегі тіркелді. Жыл басынан бері 2 оқиға орын алды.

Былтыр өңір бойынша 7 оқиға орын алып, салдарынан 6 бала зардап шегіп, біреуі қайғылы жағдаймен аяқталған еді. Біздің ауданда да көпқабатты үйлер бар. Саны аз болса да, бары ақиқат. Әсіресе 1-6 жас аралығындағы балаларға барынша қадағалау жасауларыңызды сұраймыз. Ол үшін ережелерді қатаң сақтауға кеңес береміз.
Көбіне терезені ашық қалдыруға болмайды, терезеге жақын жерге жиһаз қоймағаныңыз абзал. Қазір аптап ыстықта көбіне кешқұрым салқын леп соқсын деп терезе ашатынымыз рас. Соған абай болсаңыздар. Бұл әсіресе Атынсарин және Саяжайдағы көпқабатты үйлерге қатысты мәселе. Әрине бізде қаладағыдай аса қауіп байқалмайды, десе де «сақтансаң сақтаймын» қағидасын қатаң сақтаған жөн болады.
Егер осындай оқыс оқиға орын алған жағдай болса, онда тез арада «101» немесе «23-101» нөміріне хабарласуға болады.

Өскен МҮБАРАК
07 маусым 2020 ж. 711 0