№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛА ӨМІРІ МАҢЫЗДЫ

БАЛА ӨМІРІ МАҢЫЗДЫ

Жасөспірімдердің биік ғимараттардың терезелерінен, балкондарынан және шатырларынан құлауы салдарынан өлімге әкелетін қайғылы оқиғалар саны жыл санап өсіп келеді.
Облыс бойынша 2018-2019 жылдары аралығында көп пәтерлі тұрғын үйлердің балконы мен терезелерінен адамдардың құлауына байланысты болған жазатайым оқиғаларға талдау жүргізілді. Ата-аналардың немқұрайлы қарауы себебінен облыс бойынша жыл басынан 2 бала (1-жарақат алған) құласа, 2018 жылы 4 бала (1-қаза болған) көп қабатты тұрғын үйлердің терезесі мен балконынан құлаған.
Қайғылы оқиғалардың басты себептері:балалардың терезеден құлау жағдайларын талдау барысында ата-аналар баланы ашық терезенің жанында пәтерде жалғыз бақылаусыз қалдырауы салдарына жиі орын алуда. Көптеген үйлерде заманауи шыны пакеттер пайда болуымен де байланысты. Егер осындай терезе москит торымен жабдықталған болса, онда ол екі есе қауіпті болады. Жиі ата-аналар торды қорғаушы ретінде деп қате санайды. Бірақ балалар торды қорғаныс бөгет ретінде қабылдайды және оған сүйеніп, терезеден онымен бірге құлап түсу салдары көбеюде.
Ата-аналардың назарына:
Терезенің жанында жиһаз  жинауға жол бермеу қажет,  терезе алдына жиналған жиһаз балалар терезеге оңай шығып, терезені ашыуы мүмкін. Бала ешқашан терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалмауы керек. Статистикаға сүйенсек балаларды қысқа уақытта қараусыз қалдырғанда құлау жағдайларының көбі орын алатынын көрсетеді. Бірақ ересектердің қырағылығына ғана сенуге болмайды: бала биіктігі қауіпті екенін өзі түсінуі тиіс.  Терезе алдында  ойнауға тыйым салу керек, терезе алдында отыру қауіпті екендігін айтып түсіндіру қажет.
Сонымен қатар тұрғын үйдің және тұрғын үй ауласындағы басқада нысандардың шатырына шықпау жөнінде түсіндіріп, тұрғын үйлерге шығатын сатыларды жұмыстар аяқталғаннан кейін қайта түсіріп қою қажет.
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
14 шілде 2019 ж. 822 0