№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төтенше жағдайдан кейінгі істердің қаралу тәжірибесі талқыланды

Төтенше жағдайдан кейінгі істердің қаралу тәжірибесі талқыланды


      Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық соттың төрағасы мен судьясы, Жаңақорған ауданы әкімінің кәсіпкерлік-өнеркәсіп және туризм бөлімінің өкілі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі, «Атамекен» ҰҚП-сы филиалының өкілі және «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілдері қатысуымен онлайн семинар  өткізілді.
Іс-шарада аудандық сот төрағасы Ә.Түбекбаева басты мәселе елімізде жарияланған  төтенше жағдай режимінен кейінгі соттармен атқарылып жатқан және атқарылатын шаралаларға тоқталды.
Оның ішінде мемлекеттік сатып алу, банктік даулар, банкроттық, микроқаржыландыру, коммуналдық қызмет және басқа да жағымсыз салдарға келтіретін сұрақтар жөнінде және сондай-ақ даулардың бейбіт жолмен шешуіне қатысты сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізді.
Төраға өз сөзінде ҚР Президентінің төтенше жағдай жөнінде мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты банкроттық рәсімдерді қозғауды тоқтата тұруды тапсырғанын атап өтті.
Коммуналдық төлемдер бойынша заң талаптарына сай өндіру мәселелерімен нотариусқа атқарушылық жазба жасау үшін жүгіну қажеттігін түсіндірді.
Әрбір аймақтағы оперативтік штабтар жанынан кәсіпкерлер арасында олардың тарапынан міндеттемелерді орындамаудан туындаған дауларды сотқа дейінгі реттеу мақсатында жұмысшы топтары құрылғанын және аталған топтардың соттардағы мониторингтік топтармен бірлесе жұмыс істеуі қажет екендігіне тоқталды.
Шара соңында қатысушылар түсіндірме барысында туындаған мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.




Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
03 маусым 2020 ж. 630 0