Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 42

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Адамның бақыты – балада»

«Адамның бақыты – балада»

Бүгінде бала санымен мақтанатын отбасылар санаулы. Иә, сананы нарық билеген уақытта «Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады» ұғымының мәні кетті. Алмат пен Әйгерімнің отауы бұл санатқа жатпайды. Олар баланы байлығым деп біледі.
Төменарық ауылының тұрғыны Әйгерім 7-ші перзентіне өмір сыйлап, Ергешбаевтар әулетін жұрт­тық қуанышқа бөледі. Керім сұ­лу, инабатты қыз болсын деген ниетпен сәбиге Жібек деген есім берді. Әйгерім мен Алмат 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр. Үлкені он жаста. Кішісі екі айға толады. Балалардың бір-біріне бауырмалдығын көргенде көз қызығады. Үлкендері анасына қолқанат, әрі кішілеріне қамқоршы болып отыр.
Шыны керек, бүгінгі қоғам көпбалалы аналарға таңырқай қа­рай­тын халге жетті. Әсіресе жас отбасылар. Оған себеп те жоқ емес, материалдық жағдай, сапалы білім алуын қамтамасыз ету, бастысы – баспана мәселесі. Ал біздің кейіпкерміз Әйгерім Алла бойға қуат берсе, әлі де балалы болуға ықтияр екенін айтты.
– Әйел әр баланы босанған сайын жасара түседі. Өзім де, жолдасым да көп балалы отбасынан шыққанбыз. Қазіргі уақытта жастар арасында көпбаланы асырай алмаймыз деген түсінік қалыптасқан. Бұл қисынға келмейді. Өйткені «Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» деген рас. Әр баланың өз несібесі болады. Бала отбасының бақыты, шаңыраққа мән, мазмұн беріп, үйдің берекесін кіргізеді, – дейді байыпты ана.
Отбасы – шағын мемлекет. Онда берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие. Ал шаңырақтың берекелі болуы отбасы мүшелерінің ынтымағы мен татулығына байланысты. Осы ретте, Әйгерім бақытты келін. Олай дейтініміз, балалардың жай күйлеріне атасы мен енесі қарасып отыр.
– Балалардың күтімі мен үй тірлігіне күн ұзақ маған енем көмектеседі. Осы әулетке келін болып босаға аттағаннан ақылын аямай, жанашыр болған екінші анам. Қыз баласы жат жұрттық екенін кішкентайымыздан естіп өстік. Қияға қанат қаққан құстай жат елге келгенде маған бар мейірімін төгіп, үнемі қолдап отыратын отбасыма алғысым шексіз, – дейді ибалы келін.
Әйгерім Ешбаева Арал ауданының тумасы. Мектепті сонда бітіріп, жо­ғары оқу орнын Ақтау қаласында жалғастырады. Негізгі мамандығы мұнай ісі. Шағын ауылда бұл маман­дыққа сәйкес жұмыс табылмады деп қол қусырып отырудан аулақ. Кәсіпке епті кейіпкеріміз «Бизнес Бастау» жобасы аясында 505 мың қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Алдағы уақытта шағын наубайхана ашып, ауыл өміріне жаңаша леп беруді мұрат еткен.
«Адамның бақыты – балада» деген дана халқымыз. Әрбір адам өмір бойы өзі қуып жете алмаған бақыттың құдіреті ұрпағы арқылы келетініне аса мән бермеуі мүмкін. «Адам ұрпағымен мың жасайды». Олай болса бақыттың кілті – балада.

Мақпал ПӘТЕНОВА
02 маусым 2020 ж. 750 0