№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әр перзенттің несібесі өзінде

Әр перзенттің несібесі өзінде

Әйел бақыты, ол – бала шаттығында. Алайда сананы нарық билеген заманда баланы шектейтін пиғыл пайда болды. Әр перзенттің несібесі өзінде дейтіннің бірі –төменарықтық Сәуле Досжанова.


   Сәуле жеті рет құрсақ көтеріп, ұл-қыздарына тәлімді тәрбие, саналы білім сіңірген жан. Жасы 43-те. Балаларының үлкені 25 жаста. Есімі – Бибіжамал. Тұрмысқа шыққан. Ал кішісі 4 жаста. Жақында екінші қызы Несібеліні құтты жеріне қондырды. Ол да студент. Арада Ұлпан және Ұлман есімді егіз қыздары бар. Олар да студент. Ал Маруасы 6- сыныпта, Мерейі 5-сыныпта оқиды.
Отбасының берекелі тірлігіне ұйытқы болып отырған Сәуле апай Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің тумасы. Мектеп бітіріп, арман қуып Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім алады. Сонда өмірлік серігі Сұлтанды жолықтырып, шаңырақ көтереді.
– 18 жасымда осы әулетке келін болдым. Енем келін болып түстің, үйдің тірлігімен айналыс демеді. Алғашқы курста оқып жүріп тұрмысқа шыққаннан кейін де оқуымды жалғастыруыма қарсылық білдірмеді. Оқуымды бітіріп, А.Романов атындағы №53 мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналастым. Міне, содан бері 24 жыл өтіпті, – деп еске алды ол.
Отағасы Сұлтан Сүттіқұдық ауылында су шаруашылығында оператор болып жұмыс істейді. Ауылда тату-тәтті, үлгілі отбасылардың бірі. Сәуле апамыз болса ұстаздық жолды таңдап, ыстығына күйіп, суығына тоңып отбасының да, үйдің де тірлігіне үлгеріп жүрген «Алтын алқалы» батыр ана.
Әр отбасы өзінше бір мемлекет десек, іші жанға, сырты малға толған үлгілі отбасының келіні қадірлі ененің де көңілінен шыға білген жан. Оны өз қызындай көретін енесі Әсия Шәдімханқызы былай дейді: «Ұл-қыздарына тәлімді тәрбие сіңірген келініме разымын. Үй шаруасына тиянақты. Мұғалімдік жұмысында да абыройлы. Одан бөлек, отбасылық бизнесті дамытуда белсенді. Сонымен қатар бала тәрбиесіне де үлгеріп отыр. Әр бала дүниеге келген сәттен бастап, оның денсаулығы, білім алып, иманды, ізетті болып тәрбиеленуі ата-ананың парызы мен міндетіне жататынын үнемі айтып отырамын. Өйткені ата-ана өз парызын дұрыс орындаса ғана бала да перзенттік парызын мінсіз орындайтынын айтудан шаршаған емеспін».
Бұл шаңырақта бар-жоғы бір сағатқа жетер-жетпес уақыт болғанымда «Бала­лы үй-базар» деген қанатты сөздің құндылығын тағы бір мәрте ұғына түскендей болдым. Балалардың риясыз күлкісі, тәтті тілі, шаңырақтың шаттығын арттырып, отбасының берекесін еселендіре түскендей.
Айта кететіні, Сәуле Досжанова төл газеттің тұрақты оқырманы әрі авторының бірі. Кәсіби маман ретінде де сыйлы. Ғылыми конференциялардың жинағы мен оқу-әдістемелік журнал­дарда мақалалары жарық көрді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстаз сөз өнерін терең түсіндіруге мән береді. Өзге ұлт мектептері арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аудандық байқауда оқушылары екі жыл қатарынан бірінші орын алды.
Білікті ұстаз, тәлімді ана, адал жар, үлгілі келін. Бір сөзбен айтқанда, қазақтың нағыз келіні. Қазақтың мұндай әйелдері болғанда елдігіміз биіктей беретіні анық.

Лаура БИБАСАРОВА
08 желтоқсан 2019 ж. 701 0