» » Бір түсті қайталап көрсеңіз...

Бір түсті қайталап көрсеңіз...


Түсте түрлі хикметтер болады. Түс кейбір адамға сүйінші, кейбірі үшін ескерту болуы мүмкін.

Пайғамбарымыз хадис шәрифтерде былай бұйырады:
«Жақсы түс - сүйінші.» [Ибн Жарир]
«Салих, таза түс рахмани, аралас түс шайтани болады.» [Бұхари]
«Ең дұрыс түс сәре уақытысында көрілген түс.» [Байхаки]
«Шыншыл және адал кісілердің түсі дұрыс шығады.» [Бұхари]
Түсті жору терең ілімді талап етеді. Әр адам жора алмайды. Әсіресе мына заманда бұл ілімді білетін адам жоқ десе де болады. Егер көрген түсімізді біреуге айтқымыз келсе, тек жақсыларын салих (намаз оқитын, ашықша күнә істемейтін) кісілерге айту керек. Өйткені салих кісі түс жору ілімін білмеседе, түсті жақсылыққа жорады, сондықтан одан зиян келмейді. Жаман, аралас түстерді еш кімге айпаған жөн!
Бұл жайлы Пайғамбарымыз хадис шәрифтерінде былай бұйырады: «Жаман түс көрген адам оны ешкімге айтпасын, шайтаннан да қорғауы үшін Аллаһқа жалбарынсын.» [Муслим]
«Жаман түс көрген адам оянған соң сол жағына үш рет түкіріп, шайтанның жамандығынан сақтауы үшін Аллаһқа сиынсын. Сонда түс оған зиян келтірмейді.» [Муслим]
«Жақсы түс көрген адам дереу Аллаһу та’алаға хамд-шүкіршілік етсін! Жаман түс көрген болса, Аллаһу та’алаға сиынсын, түсін ешкімге айтпасын! Сонда оған түстің зарары тимейді.» [Дара Құтни]
«Түсінде қуанышты нәрселер көрген адам түсін көкірегі ояу, адал, салих кісіге айтсын! Ол да түсті жақсылыққа жорсын!» [Байхаки]
«Түс қалай жорылатын болса солай шығады. Сондықтан түсіңізді насихат бере алатын кісілерге немесе ғалымдарға айтыңдар!» [Хаким]
Бір күні бір әйел көрген түсін Пайғамбарымызға келіп айтқанда: «Жаныңда болмаған кісіңе [күйеуіңе] қауышасың) деп жорады. Әйел күйеуіне қауышады. Арадан біраз уақыт өтіп тағы да дәл сол түсті көреді-де басқаларға жорытады. Олар «күйеуің өледі» деседі. Айтқандары болады.
Сондықтан түсті жақсылыққа жору керек! Жақсы түс көргенде «иншааллаһ жақсылыққа болсын» деу, жаман болса, «Аллаһу таала сені мына түстің жамандығынан қорғасын» деу қәжет! (Бостан-ул-арифин)

Oinet.kz
29 мамыр 2020 ж. 676 0