№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Үй таңдама, көрші таңда!

Үй таңдама, көрші таңда!



Дініміз көрші ақысына аса мән берген. Әр мұсылманның жақсы мінезді,
салих көршілер арасында үй іздеуі керек. Ата-бабамыз «Үй таңдама, көрші таңда!» деген. Әрине көрші үйден де маңыздырақ. Адамның көршісі жаман болса, ең жақсы үйде тұрса да, бақытты тұра алмайды.

Пайғамбарымыз хадис шәрифте:

«Үй сатып алудан бұрын көршілердің қандай екенін сұрастырыңдар!» деген. Басқа бір хадис шәрифінде:

«Көршіні құрметтеу ата-ананы құрметтеу сияқты маңызды» деді.

Көршіні құрметтеу дегеніміз – онымен жақсы қарым-қатынаста болу деген сөз. Оның аш екенін біліп, өзі тоқ жатпауы керек. Аллаһу та'аланың берген ризықтарын оған да беру қажет. Оны ренжітетін сөз бен іс-әрекеттен  тыйылған жөн. Басқа бір хадис шәрифте былай делінген:

«Көршісі зиянынан, жамандығынан сақ болмаған адам Аллаһу та'алаға кәміл мағынада иман келтірген болып саналмайды.»

Мұсылман болмаған көршімен де жақсы қарым-қатынаста болу керек. Қолдан келгенше сыйлықтар беріп тұрған жақсы. Көріскен кезде хал-жағдай сұрасып тұрған жөн. «Адам жақсылық жасаушының құлы» деген сөз бар. Мұсылман көршісінен осындай жақсылық көрген адамның иманға келуінің ықтималы көп. Мұсылман болмаған көршінің көршісінің мойнында бір ақысы, мұсылман болса екі ақысы, туысқан болса үш ақысы бар.

08 маусым 2019 ж. 1 468 0