«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»
2020 жылдың 12 мамырынан Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» атты акциясын бастады. Мақсат – азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру. Акцияның мән-жайын Жаңақорған ауданы бойынша салыққа жауапты мекеменің басшысы Ерғали Абдрахмановтан сұрадық.
– Әрбір тұтынушыны сатып алынған тауарына және алған қызмет түрлері үшін чекті талап етіп, кәсіпкерлердің салық мәдениетін қалыптастырып, ашықтық, жариялық принципін ұстануға шақыру. Ол үшін кез-келген тұрғын мобильді Wipon қосымшасын орнатып, сол арқылы чекті жібере алады. Осы қызметі үшін ұялы телефонына 1000 теңге көлемінде баланс ұтуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады. Егер факт расталса телефон теңгерімі толықтырылады. Акция жылдың соңына дейін жалғасады, – деді басқарма басшысы.
Чек не үшін қажет?
Алдымен осы сұраққа жауап берелік.
Бірінші пайдасы – тұтынушы сатушыдан чекті талап ету арқылы мемлекеттік бюджетті арттыруға үлес қосады. Себебі мемлекеттік Кірістер басқармасында тіркелген кассалық аппараттан берілген әрбір чекке кәсіпкер есеп беріп, салық төлейді. Демек, кассалық аппарат арқылы берілген чек, салық түсімін арттыруда көп септігі бар.
Екінші пайдасы – көлеңкелі экономикадағы қаржының көлемін азайтуға жәрдемі тиер еді. Қазір Қазақстан экономикасының 20 пайызы көлеңкелі экономиканың еншісінде. Бұл дегеніміз, қаншама әлеуметтік нысан (мектеп, емхана) мен жүздеген шақырым жол, инновациялық өндіріс орындарын салуға жететін қаржы.
Үшінші пайдасы – чек талап ету арқылы тауардың сапасын бақылуға болады. Мәселен, тұтынушы алған тауарының сақтау мерзімі біткендіктен ауырып қалса, кәсіпкерді айыптай алады. Бұл тек тауармен бірге чек алған жағдайда ғана іске асады. Себебі чекте кәсіпкердің аты-жөні, ЖШС (ИИН), тауардың бағасы мен атауы жазылады. Яғни, чек тұтынушының сапасыз тауар сатқаны жөнінде бұлтартпас айғақ бола алады.
Сондай-ақ, тауар сапасыз болған жағдайда чек арқылы өнімді сатушыға кері қайтаруға болады. Ал, сатушы қайта алмайтын болса, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқығын қорғау» Заңын бұзған болып есептеледі.
Науқан кезінде қатысушыларға Wipon тегін мобильдік қосымшасын iOS (iPhone) және Android-та жүктеу қол жетімді. Науқан екі деңгейде өтеді: Бірінші, облыстық деңгейде және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы департаменттер жанындағы мемлекеттік кірістерде, екінші, республикалық деңгейде. Науқан жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау жолымен анықталады.
Айта кететіні, акцияның гранд-финалы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Өткен жылы басты жүлде автокөлік болса, биылғы сыйлық алдағы уақытта белгілі болады.
СӨЗ СОҢЫ. Салық – мемлекеттің қуатын арттырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы дұрысталуына жағдай жасайтын тетік. Ал карантиндік режимнен кейін экономиканы сауықтырып, көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуда чекті талап етудің маңызы зор.Ендеше, «Түбіртекті талап ет – бағалы сыйлық ұтып ал!» науқанына қатысып, жүлделі болыңыз! Әрі бұл әрекетіңіз қоғамның дамуына үлес қосуға таптырмайтын мүмкіндік екенін ұмытпаңыз!
Лаура БИБАСАРОВА