№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұрт осы, Оразәліні таниды ма?

Жұрт осы, Оразәліні таниды ма?


Полиция қызметкері қоғамдық тәртіпке, елдің қауіпсіздігіне жауапты тұлға. Осыдан-ақ полиция қызметінің жауапкершілік жүгін түсінуге болады. Бұл салада адамдық абыройға қыл түсірмей қызмет ету – қиынның қиыны. Құқық қорғау саласының ардагері Оразәлі Жамалханды сондай санаулылар санатына қосуға болады.


С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алады. Еңбек жолын ауданның ішкі істер бөлімінде қылмыстық іздестіру саласы бойынша тергеуші болып қызметін бастайды. Саналы ғұмырын құқық қорғау саласымен байланыстырған ел ағасы өткен шақты былай еске алды:
«Полиция қызметінде бір орында тапжылмай жұмыс атқару екінің бірінің қолынан келе бермейді. Егер ол халық тыныштығын ойлап, қоғамдық ортаны қылмыскерлерден ада ететін сала болса тіптен қиын. Уақытқа қарамай күндіз-түні жұмыс жасау мойнымызға артылған үлкен жүк. Апталап, айлап үй бетін көрмеген күндер артта қалды. Қазір полиция қызметінде заманауи технология пайдаланып, қылмыстылықты азайтуға, алдын алуға мүмкіндік бар”, – деді ол.
Әңгімелесу барысында Оразәлі ағамыз артынан еріп келе жатқан жас полицейлерге ақыл-кеңесін жеткізді.
– Ел қорғаны болу оңай жұмыс емес. Таза, адал адамға жамандық жуымайды. Бәрінен бұрын кәсібилікті шыңдау жолында көп іздену керек. Сонда ғана қоғамда бұзақылар мен қылмыскерлердің санын азайтуға болады, – деді ағамыз.
Ішкі істер бөлімінде отыз жылға жуық қызмет жасаған кейіпкеріміз бүгінде зейнетке шығып, ұзақ жылғы еңбегінің зейнетін көруде. Өз міндетіне жауапкершілікпен қараған Оразәлі ағамыз адамдық, адалдық қасиетін биік қойды. Соның арқасында өзгелерден ерекшеленіп, «Озат милиция» медалімен, «Қылмыстық іздестіру қызметінің құрыл­ғанына 100 жыл» медалімен мара­патталды.
Оның осындай дәрежеге жетуіне өмірлік жары Қалдыгүл апамыздың да үлесі бар. Өйткені «ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт, алған жары жақсы болса, мың бақыт» демей ме халық даналығы.
Берекелі шаңырақта төрт ұл, екі қыз тәлім-тәрбие алып, өмірден өз орнын тапты. Ата жолын немересі Аян жалғап, осы күні Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау патрульдік саласында жұмыс істеуде.
Саналы өмірін елдің тыныштығына арнаған полиция қызметкерінің осындай еңбек жолы бүгінгі ізін жалғар жастарға үлгі-өнеге екені анық.

Лаура БИБАСАРОВА
09 қараша 2019 ж. 899 0