№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАННАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК

ЖАҢАҚОРҒАННАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК


Мақтааралдағы жағдайға жаңақорғандықтар да алаңдаулы. Аудандағы игі бастамаларға ұйытқы болып жүрген "Жаңарған Жаңақорған жастары" қоғамдық қоры мен аудандық жастар ресурстық орталығы және бір топ жергілікті кәсіпкер ағалардың бастамасымен бүгін Жетісай жұртына жылу жиналады. Оған қоса, 1998 жылғы жастар да арнайы автокөлік ұйымдастырып, жылу жинайды. Төтеннен келген су апатына душар болған Мақтаралдық ағайынға Жаратқан жеңілдігін берсін!

Жиналатын зат түрлері:

 Ұзақ сақталатын азық-түлік

Гигиеналық заттар (памперс, тіс пастасы, маска тағысын тағы)

 Киім-кешек, көрпе-төсек

 Кенттегі "Ғани" сауда орталығы алдына және "Береке", "Заңғар" сауда орталығы алдына азанғы 09:00-ден бастап газель автокөлігі қойылады. Алла тағала атаған садақаларыңызды қабыл етсін. Жастарға Жаратқан жар болсын, сауапты іске асығайық, ағайын...
06 мамыр 2020 ж. 1 006 0