5-мамыр қаламгер Адырбек Сопыбековтің туған күні
Адырбек Сопыбеков қазақ әдебиетіне, балалар әдебиетіне өз үлесін қосқан көрнекті ақын, қаламгер ретінде белгілі. Оның өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына» және «Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясына» енген. Сонымен қатар ақынның шығармалары орыс, беларус, өзбек тілдеріне аударылған. Қаламгердің мектеп оқулықтарына енген өлеңдері де баршылық. Ақынның 5-мамыр туған күніне орай оқырмандарға өлеңдерін жолдауды жөн көрдік.
Бара жатсаң Алатаудай биіктеп
Жүретін ең жадырап бір елжіреп,Соның бәрін сезуші еді бұл жүрек.
Орның бос тұр, Әмір досым амал не,
Өзің жоқсың, талай жандар жүр жүдеп.
Арманың көп,таудай еді талабың,
Ұшталып-ақ қалып еді қаламың.
Төгіп-төгіп айтатын да жазатын,
Таланты бір,тарланы едің даланың.
Кірістің кеп,білдің дағы себебін,
Театрды алып шыққан сен едің.
Әрі әнші, әрі ақын, режиссер,
Жүрген жерің думан-күлкі,Сері едің.
Сырласушы ек,қалдырмай түк,мұңдаса,
Заман екен өткен қызық бұл да аса.
Өнерлі жан сегіз қырлы өзіңдей,
Қайдан тумақ, Сыр бойынан тумаса.
Сағынғандай болып жүрміз жыл құсын,
Жазып кеттің ойлы пьеса, жыр мүсін.
Бексұлтанға, Есіркеп пен Манапқа,
Соларды енді айтып беріп жүрмісің..
Сәлем берсең басыңды сәл иіп кеп,
Аңқылдап бір құшақтаушы ең сүйіп кеп.
Соның бәрі сағымдай боп қалғанмен,
Бара жатсың Алатаудай биіктеп.
Ағалар
Тың даланы түлетті,Шөл далаға гүл екті.
Қажымас құрыш білекті –
Осылар біздің ағамыз.
Кенді де іздеп табатын,
Әдемі үйлер салатын.
Айға да ұшып баратын –
Осылар біздің ағамыз.
Бақытты туған баламыз,
Оқимыз, білім аламыз.
Осындай біздің ағамыз,
Өскенде сондай боламыз!
Менің «Әліппем»
Қолға кітап тигеннен,Таудай болып үйге енгем.
«Анашым» деп жазуды,
«Әліппеден» үйренгем.
Әріптің біліп қанығын,
Өмірдің көрдім анығын.
«Әке» деп те жазуды,
«Әліппеден» таныдым.
Білем байтақ даланы,
Білем үлкен қаланы.
«Әліппеде» бәрі тұр,
Білем жақсы баланы.
Әскерде жүр өз ағам,
Арнап жақсы сөз оған.
«Әліппеден» үйрендім,
Хатты өзім жаза алам.
Орындалып тілегім,
«Әліппеден» түледім.
Қызық-қызық енді мен
Ертегі айта білемін.
Шеше аламын жұмбақты,
Ажыратам жан-жақты.
Білім беріп «Әліппем»,
Жүрегіме шам жақты.
Қолымнан мен тастаман,
Артық көрем басқадан.
Барар жолды білімге
«Әліппеден» бастағам.
Көзілдірік
Көзілдірік ап келдім,Әжем қалды қуанып.
– Сенің қалам-дәптерің,
Көрінді, – деп, – бәрі анық.
Әжем енді икемді,
Көзілдірік көзінде.
Қадап берді түймемді,
Мәз боп қалдым өзім де.
Бос отырмай күн ұзақ,
Газет оқи алады.
Инені де менсіз-ақ
Тез сабақтай салады.
Көзілдірік болды енді ем,
Көзі жақсы көреді.
Енді маған бұл әжем
Қолғап тоқып береді.
Күнбағар
Бақшада биікКүнбағар өсті.
Күн нұрын сүйіп,
Құлпыра түсті.
Күндіз кеп көрсең,
Әдемі көркі.
Басында әсем
Сап-сары бөркі.
Қарайды күнге
Балбырап, балқып.
Ал енді түнде
Кетеді қалғып.
Сурет салдым
Суретін мен бір адамныңСалайын деп қалам алдым.
Дөңгелентіп басын салдым,
Екі сызып қасын салдым.
Міне, мынау мұрын болды,
Құлақ одан бұрын болды.
Аузын сап ем жаңа енді,
Күлімсіреп шыға келді.
Ең соңынан көзін болдым,
Айнымаған өзім болдым.
Кәмпит қайдан шығады?
Ойнап жүріп топ балаКәмпит жайлы таласты.
Жиналды да топтана,
Бір-біріне қарасты.
– Кәмпит қайдан шығады,
Айтшы осыны сен, Есен?
Ойланып ал шамалы,
Мен айтайын білмесең, –
Деді біздің Тұралы
Тәмпіш мұрын Есенге.
Ол ойланып тұр әлі,
Бұрын білгіш десең де.
«Қайдан шығар?» дегендей,
Жалтақ-жалтақ қарайды.
Сөзі жатыр еленбей,
Жауабы жоқ орайлы.
Енді мұның жолында
Сұрақ деген шұбады.
– Кәмпит деген, шынында,
Қайдан ғана шығады?
Әрнені бір болжайды,
Қалды бәрі ойлана.
Бұрын тіпті бұл жайлы
Келмепті ғой ойға да.
Қарап тұрсаң, көп жан-ақ
Жек көрмейді кәмпитті.
Есен ернін бір жалап,
Тәмпіш мұрнын тәмпитті.
Таусылды да шыдамы,
Айтты былай ол жөнін:
– Кәмпит деген шығады
Қалтасынан әжемнің!
Нан иісі
Сыр бойының ақ күрішін,Жинадың сен ел ырысын.
Ел сүйсінген еңбегіңе,
Сыр сұлуы – сен бірісің.
Күн күлімдеп дидарыңнан,
Ақ маржандай жинадың дән.
Жүрегіңдей ысып тұрған,
Еліңе сен сыйладың дән.
Ақ күріштің арасынан,
Шырқатып бір саласың ән.
Нанның иісі бұрқырайды,
Сыр бойының даласынан.
Өтіп жатыр дәл қасыңнан,
Шопыр жігіт дән тасыған.
Күлімдейді саған қарап,
Сүйсінеді-ау ол осыған.
Егінжайға қара да тұр,
Шалқып-тасып дала жатыр.
Теңіздегі кемедей боп,
Комбайндар бара жатыр.
Толқынды егін арасынан,
Шалқытып бір саласың ән.
Нанның иісі бұрқырайды,
Қазағымның даласынан.
Ұстаздарым
Ақылмен ой-санаңа нақты ұстайтын,Жарқырап өмір-бақи тот баспайтын.
Шамшырақ жолындағы – білім болса,
Ұстаз ол – сол білімге жол бастайтын.
Мектепке тұңғыш рет басқан қадам,
Бәйгеге сендердің ол қосқан балаң.
Білімнің басып алғаш баспалдағын,
Танып ап оң мен солын аспандағы.
Бармасаң әр баланы білімге алып,
Болады сол баланың күні кәріп.
Оқысаң көзің сонда ашылады,
Әрдайым білімдіге – дүние жарық.
Ал онсыз айта алмайсың білеп деп те,
Ап барар білімсіздік кереңдікке.
Қарасаң шығады тек білімдіден,
Ақылда да, даналық та, тереңдік те.
Сондықтан данышпан да, ақылды адам,
Ұстаздың ұлылығын мақұлдаған.
Олардың жарқырап бір лаулайтыны,
Сендерден түскен ұшқын лапылдаған.
Біз үшін білім нәрін арнадыңдар,
Қандай бір қиындыққа бармадыңдар.
«Инемен құдық қазған» ұстаздарым,
Күн болып жүректерге орнадыңдар.
Өздерің құт мекенді тұрақ еткен,
Өмірге тұлпар баптап, пырақ еткен.
Сендердей бақытты жан жоқ-ау, сірә,
Шәкірттері жер шарына тарап кеткен!
Ордасы бұл өнердің
Дала мен тауы балқыған,Сан құбылтып құс сайрап.
Жататын қырда шалқып ән,
Өнерге толы осы аймақ.
Сыр лебімен салқындап,
Ән-жырмен таңым атады.
Күйге бөгіп, ән тыңдап,
Балбырап далам жатады.
Сырда болған қонақ та,
Риза болып өтеді.
Болса болды бір апта,
Әнші боп ол да кетеді.
Ордасы бұл өнердің –
«Сырдың елі – жыр елі».
Адамдары бұл жердің,
Күндей ыстық жүрегі.