№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ағайын, сақтық шараларын басшылыққа алайық!

Ағайын, сақтық шараларын басшылыққа алайық!


Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №11 Қаулысына сәйкес, санитариялық қағидаларын сақтай отырып экономиканың маңызды салаларының қызметін шектеуді кезең-кезеңмен жеңілдетуді жүзеге асырылады.
Яғни көктемгі дала жұмыстары, табиғатты қорғау, ветеринариялық жұмыстарды жүргізу, ауыл шаруашылығы тауарын өндіру, кәсіпкерлік субъектілері және т.б жатады.
Құжатта көрсетілгендей, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасауға рұқсат етіледі дегенді басшылыққа алу міндет.

Ескерте кететіні, Қаулыда ұжымдық, отбасылық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық, ауызашар, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары, т.б ) барлық жиындарға, көрші, туған туыстарға қонаққа баруға тыйым салуды жалғасатыны көрсетілді. Әсіресе, Рамазан айында ауызашар жасауға сақтықпен қарау керек.
Әр адам өзінің және жақындарының денсаулығына тигізетін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Халықтың тыныс тіршілігін қалпына келтіруге бағытталған жеңілдетілген уақытты карантин толық ашылды деп қабылдау дұрыс емес.
Өйткені біз коронавирусты толық жеңіп, еңсерген жоқпыз. Екі күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласынан келген жаңақорғандықтан вирус анықталды. Жаңа ошақ пайда болды. Бұл дегеніміз, онымен қатынаста болған адамдар карантинге жатқызылады деген сөз. Демек ауданда алдағы уақытта да коронавирусты жұқтырғандар әлі де шығуы мүмкін.
Әсіресе кәсіпкерлік субъектілері санитариялық-дезинфекциялық шараларды қатаң басшылыққа алуы тиіс. Яғни шектелген уақыт талабын сақтап, жұмыс орнын (ғимаратты) дезинфекциялау, таза ауамен алмастыру және т.б санитарлық талаптары қатаң ұстану керек.
Яғни рұқсат етілген уақытты сақтай отырып жеке бас гигиенасын сақтауды өмірлік дағдыға айналдыру маңызды. Кенттің ішіндегі посттар алынғанымен сырттағы блок-бекеттер күшейтілді. Сырттан келген жаңақорғандықтардан тест сынамасы алынып нәтижесі шыққанша 2 күн карантинге алынады. Кешкі сағат 21.00-ден таңғы 06.00-ге дейін шектеу алынған жоқ.
Мұның бәрі не үшін керек? Әлі әлем коронавирусты толық құрықтаған жоқ. Сарапшылар екінші толқыны болатынын да айта бастады.
Жерлестер, карантин дегеніміз індеттің өршіп кетпеуін болдырмау, яғни, өзімізді, жақындарымызды вирустан сақтаудың ең тиімді жолы.
Егер елде коронавирусты жұқтырғандар саны тым көбейіп кетсе, не болады? Мамандардың пікірінше мұндай кезде елдегі медециналық мамандар және әскери госпитальдардың дәрігер-эпидемиологтары т.б медицина қызметкерлері толығымен коронавируспен күресуге жұмылдырылады, медициналық нысандар тек коронавирус індетін жұқтырғандарды және олармен байланыста болғандарды қабылдауға көшіріледі.
Италия мен Испанияның тәжірибесінен көргеніміздей, вируспен шалдыққан адамдарды қайсысын құтқаратынын таразылап, егде адамдарға қарағанда, жастарды аман алып қалуға күш салады.
Бізге сондай жағдай керек пе? Ойланайық. Қажеттілік болмаса үйде отырайық.

Нұрлат Байгенже
02 мамыр 2020 ж. 712 0