№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Карантиндік шараларды күшейту туралы

Карантиндік шараларды күшейту туралы


Қызылорда облысында коронавирустық инфекция (бұдан әрі – КВИ) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жар­лығымен енгізілген Қазақстан Респу­бликасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылдың 1 мамырындағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзарту туралы 2020 жылдың 14 сәуірдегі №306 Жарлығына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қызылорда облысы көлемінде КВИ-сын шоғырландыру және жою мақсатында 2020 жыл 1 мамыр 07 сағат 00 минутқа дейін карантиндік режимдегі шектеу және тыйым салу шаралары ұзартылсын.
1.   Қызылорда облысының әкімдігіне:
1)   Көктемгі далалық жұмыстарды, та­би­ғатты қорғау, ветеринариялық жұмыс­тарды жүргізуге, ауыл шаруашылық, оның ішінде бал ара шаруашлығы іс-шараларына тартылған тұлғалардың көліктерін мемлекеттік тіркеуді растайтын куәліктері (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігік шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, несиелік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәліктері, сондай-ақ жұмысшылар үшін қызмет орнынан анықтама (мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған жағдайды қоспағанда, жеке көліктің облыс, қала, аудан және ауылдық аймақ ішіндегі қозғалысын шектеу.
2) Авариялық-құтқару, жедел ме­ди­циналық жәрдем қызметтерінің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығупункттерін айқындауды;
3)   Қала бойынша, аудан мен елді ме­кендер арасында кварталдар мен секторларға бөлу арқылы блок-бекеттерді орната отырып карантиндік аймақта жүріп-тұруды шектеуді;
4)   Қызылорда облыстық полиция департаменті, Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдердің сарбаздарын (келісім бойынша) тарта отырып, карантиндік аумақтарды патрульдеуді, КВИ-ның 5 және одан жоғары жағдайы тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды;
5)   Жергілікті атқарушы органмен айқындаған көлік құралдары тізбелеріне сәйкес қала, аудандар/одан тыс аумақта жұмыс орнына қызметтік, жеке және жалданған көліктерді қоспағанда, ҚЫзылорда қаласына және аудандарына, елді мекендерге азаматтардың (о.і. жаяу тәртіппен) және көліктердің барлық түрлерінің кіруіне және шығуына тыйым салуды.
Осы орайда көрсетілген санаттағы көлік құралдары бойынша рұқсатты «жасыл дәліз» қағидасы бойынша жүзеге салуды;
6) Үкіметтік, жүктік, транзиттік рейс­тер мен Қызылорда облысының әкімімен келісілген рейстері қоспағанда, барлық рейстер 2020 жылғы 1 мамыр 07.00 сағатқа дейін транзиттік және соңғы станциясы Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы болып табылатын жолаушылар тасымалына арналған темір жол байланыстарына тыйым салуды;
7)   Көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша 10.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасау­ға рұқсат етуді;
8)   Жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, авто­мобиль, киім-кешек, мал базарларының жұмысын тоқтата тұруды;
9)   Қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды;
10) Жергілікті атқарушы органдармен айқындалған халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететіндерді қоспағанда, барлық кәсіпорындардың/ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;
11) Жергілікті атқарушы органмен айқындалған көлік құралдары тізбелеріне сәйкес қала, аудандар/одан тыс аумақта жұмыс орнына қатынайтын қызметтік, жеке және жалданған көліктерді қоспағанда, облыс орталығының, қала, аудандардың, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көліктің қозғалысын шектеуді;
12) Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көше­лерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді;
13) Тұрғындардың үйден шығуына шектеу қоюды келесі қажеттілікті қос­пағанда:
– Азық-түлікті, бірінші қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды және қоқыс шығаруға (жақын радиустарда орна­ласқан);
– Жұмысқа шығу жағдайларын;
14) Төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде, ұжымдық, жанұялық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық, басқа дәстүрлік шаралар) барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға қонаққа баруға тыйым салуды;
15) 65 жастан асқан адамдарға жә­не 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерді тұрғын үйден алып жүретін адамсыз шығуына тыйым салуды;
16) Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактілері анықталған жағдайда өз құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңна­малар шегінде әкімшілік шаралар қабыл­дап, профилактикалық мақсатта БАҚ-та кеңінен жариялауды;
17) Қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталығының, қала, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардан басқаларға негізсіз көшеде жүруге тыйым салуды;
18) КВИ-сын жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызуға арналған көп бейінді стационарларды айқындауды;
19) Коммуналдық қызмет және әскери бөлімдерді тарта отырып, эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін қызметтік, жеке және жалданған көліктерді, аялдамаларды, қала, аудандар және елді мекендер аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеумен толық қамтуды және көрсетілген жұмыстарды тұрақты жүргізілуін қамтамасыз етуді;
20) Қазақстан Республикасы БАс мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №31 қаулысымен бекітілген алгоритмге сәйкес блок-бекет­тері мамандарының жұмысын күшейту және олардың қауіпсіздігін толық қамта­масыз етуді;
2.   Жергілікті БАс мемлекеттік са­ни­тариялық дәрігерлері қала, аудан деңгейінде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шараларды қатаңдатуды және олардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3.   Қызылорда облысының әкімдігіне, об­лыс­тық денсаулық сақтау басқармасына:
1) Қазақстан Республикасы Бас мем­лекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33 қаулысымен бекітілген қосымшаларының орындалуын толық қамтамасыз етуді.
4.   Қала, аудан әкімдіктері және «Ата­мекен» өңірлік кәсіпкерлер пала­тасына:
1)   Діни мақсаттағы объектілердің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін, сауда үйлерінің, азық-түлік емес сауда орталықтарына қызмет көрсететін кәсіп­керлік құрылымдардың барлық түрлерінің, оның ішінде жеке тұрған азық-түлік емес дүкендері, фитнес-клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері, бассейндер, көлік салондары, көлік қосалқы бөлшектер сату салондары, техникалық қызмет көрсету станциялары, көлік жуу орындары, химиялық тазартулар, кір жуу, фотоательелер, фотосалондар, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, гүл павильондары, оптикалық, ломбардтар, компьютерлік және интернет клубтар, букмекерлік және лото мото корторлар, бильярд клубтары, сұлулық салондары, барбершоптар, шаштараздар, спа-орталықтар, студиялар, сауналар, қоғамдық моншалар, көрмелер және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілер, қонақ үй кешендері жұмыстарын, сондай-ақ тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары қызметтерін тоқтатуды;
2)   Штаттық режимде жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда, азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, азық-түлік сөрелері, бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасы жұмысына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен 10.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін рұқсат етуді;
3)   Мейрамханалардың, дәмхана­лардың, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша 10.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен рұқсат етуді;
4)   Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін сақтай отырып «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралі бойындағы көліктерге қызметтер көрсету кешендерінде техникалық қызмет көрсету станциялары және қоғамдық тамақтану орындары «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша жұмыс жасауға рұқсат етуді;
5.   Жергілікті атқарушы органдарға, Қызыл­орда облыстық полиция депар­таментіне, Қызылорда облысында орна­ласқан әскери бөлімдердің сарбаздарын тарта отырып (келісім бойынша)
1)   Төтенше жағдай мен карантин қолда­нылатын кезеңде белгіленген жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау анықталған кезде тиісті әкімшілік шаралар қолдануды;
2)   Азаматтардың қоғамдық орын­дарда, саябақтарда, скверлерде, жаға­лауларда, көше балалар ойын алаңдарында, көп қабатты тұрғын үй аулаларында және азаматтардың өзге де демалыс орындарында негізсіз болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді;
3)   Азаматтардың негізсіз тұрғын үйле­ріне шығуына және рұқсаты жоқ көліктермен жүруіне тыйым салуды;
4)   Азаматтардың үй карантині режи­мін сақтауды қатаң бақылауды;
5)   Провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарлардағы тұлғаларды күзетуді;
6.   Қала, аудан әкімдіктері, Қызыл­орда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, облыстық денсаулық сақтау басқармасына:
1)   Карантин енгізуді (көпшілік іс-шараларына баруға және өткізуге тыйым салу);
2) Медициналық-әлеуметтік нысанда тұратын адамдарды басқа бөлімше­лері­нің медицина қызметкерлерімен және пер­соналдарымен байланысты болдыр­мауды (медициналық қызметкерлер мен персоналды бөлімшелерге, топтарға, блок­тарға және т.б. бекіту);
3)   COVID-19 күдікті адамдар анық­тал­ған жағдайда изолятордың болуын қамтамасыз етуді;
4)   Күнделікті термометрия жүргізуді және тексеруді қамтамасыз етуді;
5)   COVID-19-ға ұқсас көріністері жә­не дене қызуы жоғарылаған науқастарды (және күдікті адамдарды) анықтауды және оқшаулауды қамтамасыз етуді;
6)   Медициналық-әлеуметтік объек­ті­лерде тұратын адамдарды қарауға және оларға қызмет көрсетуге байла­нысты медициналық қызметкерлері мен персоналдардың жеке қорғаныш құрал­дарын (маскалар, қолғаптар, халаттар) пайдалануын қамтамасыз етуді;
7)   Санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеуге арналған сани­тайзерлерді орнату, беткі қабаттарды күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, ылғалды жинау, үнемі желдету) күшейтуді;
8)   Жеке қорғаныш құралдарының, антисептиктердің, дезинфекциялық құрал­дардың жеткілікті қорын қамтамасыз етуді;
9) COVID-19 кезінде алдын алу және эпи­де­мияға қарсы іс-шаралар мәселелері бойынша барлық қызметкерлерді толық қамтумен нұсқама жүргізуді қамтамасыз етуді.
7.   Қармақшы ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі Арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасына, Қызылорда облысының полиция департаментіне:
1)   «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ха­лық­аралық автомобиль жолдарындағы блок-бекеттерді енгізе отырып, Байқоңыр қала­сы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округіне кіру және шығудың тоқтатылуын қамтамасыз етуді.
8.   Қызылорда облыстық индустрия­лық-инновациялық даму басқармасына:
1)   Жер қойнауын пайдаланушылар мен сервистік кәсіпорындарда вахталық әдіс­пен жұмыс жасайтын жұмысшылар тізімін «Сергек-Блок-Пост» автоматтандырылған жүйесіне енгізуді.
9.   Қызылорда облысының ішкі саясат бас­қармасы және қала, аудан әкімдіктеріне:
1)   Коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша Қызылорда облы­сындағы шектеу шаралары мен Қызылорда қаласындағы карантин режимі туралы әлеуметтік желілерде жадынамалар тарату, хабарландырулар, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз ету;
2)   «Казпошта» АҚ филиалын қос­пағанда, карантин кезінде облыстық және жергілікті баспа басылымдардың таралымын тарату уақытша тоқтауды және басқа да басылымдар материалдарды электронды нұсқаларда (сайттарда, әлеуметтік желілерде) жариялауды.
10. Екінші деңгейдегі банктерге «Каз­пошта» АҚ филиалына, айырбастау пунктеріне, пошталық, коммуналдық, теле­коммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарға:
1)   Банктердің ғимараттары мен мекемелерінде, бөлімшелерінде, тө­лем қабылдайтын орындарда, касса­лар­да қызметтер мен клиенттердің (пиро­метрлермен, қашықтық термометрмен) температурасын өлшеуді міндетті түрде сақтауды, кезектерде (1,5 метрден кем емес) ара қашықтықты сақтауды, бетперделік режимді, санитариялық-дезинфекцилық талаптар мен ережелерді қатаң сақтай отырып, халықты тиісінше қабылдауды ұйымдастыруды;
2)   Үй-жайлардың ішінде және іргелес аумақта, оның ішінде банкоматтар, кассалар жанында ұйымдастырылмаған кезектердің болуына жол бермеуді.
11. Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтағанша бетперде киюге міндетті.
12. Барлық мемлекеттік органдардың, ведомстолардың және меншік нысанына қарамастан мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
13. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 07 сәуірдегі №7, 2020 жылғы 11 сәуірдегі №8, 2020 жылғы 14 сәуірдегі №9 Қаулыларының 2020 жылдың 19 сәуір 00.00 сағаттан бастап күші жойылсын.
14. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
15. Осы қаулы 00.00 сағат 2020 жылғы 20 сәуірлен бастап күшіне енетін 1-тармақтың 8) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді

Алия АБДИКАИМОВА,
Қызылорда облысының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері
21 сәуір 2020 ж. 585 0