Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 42500: Табысынан айырылғанға демеу болды

42500: Табысынан айырылғанға демеу болды

Төтенше жағдай кезінде көптеген шағын және орта бизнес нысандары уақытша жабылғаны белгілі. Әсіресе халық сұранысы артқан шаштараз қызметінің де жұмысы шектелді. Әрине бұл бізге де оңай емес. десе де тәртіп ортақ, Заң бірдей. 42500 теңге түседі дегенді естіп, өтінім беруге асықтық. Әрине күмәнім болған жоқ, десе де 1 ай жұмыссыз отыру кімге болса да оңай емес. Сондықтан өтінім беріп қолдауға қол жеткіздім.
Карантин уақыты аяқталған соң, қызметке қайта кірісемін. Өйткені қазіргі кезде шаштараз қызметіне жүгінушілер еселеп келеді. Сондықтан ертерек осы кезеңді есңеріп шықсақ деген тілегіміз бар.
Мемлекет осындай қысыл-таяң уақытта қолтығымыздан демеп жатқанына алғыс айтамын. Осы уақытқа дейін мемлекеттен көмек қолын сұрап көрмеппін, кәсібімді де адал еңбегіммен тауып келемін. Несие, қайтарымсыз грант алу жоспарда болмаған. Бір мынандай кезеңде еңсемізді тіктеген көмектен бас тартпадым. Ең бастысы бәріміздің тілегіміз бір, ол әлемді әбігерге салған осы індеттен ертерек құтылу. «Көп түкірсе көл» дейді, сондықтан уақытша құбылысқа ел болып қарсы тұруымыз керек. Ол үшін тәртіпке бағынып, дәрігерлерге қолдау білдірсек болғаны. Бұл індетті бірге жеңеміз.
Мамед БАЙСАЛОВ,
жеке кәсіпкер.
20 сәуір 2020 ж. 557 0