Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеке тұлғаға бағытталған адами құндылықтар – парасаттылық

Жеке тұлғаға бағытталған адами құндылықтар – парасаттылық

  Ар  намыс,  қадір-қасиет,  абырой  және  адамның  беделі  -адамзаттың өмірінде, қоғамында, салт-дәстүр ғұрпында, ой санасында арнайы басты адами қасиетті құндылықтары болып табылатындығын білеміз.  Көне  заманнан  адамның  бойындағы  адалдық,  әділдік, азаматтық,  ауызбіршілік,  адамгершілік  сияқты  құнды  қасиеттердің бағасы жоғары болған.

   Дегенмен, әр заманда әр уақытта да ақ пен қараның, жақсы мен жаманның  арасында  теке  тірестің  болып  отыратыны  адамгершілік қасиеттердің  құндылығын  жойып,  құнсыздыққа  айналдырып жіберетін  іс-әрекеттер,  жағдаяттар  қоғамда  болып  жататындығынан хабарымыз бар.Біздің  қазақ  халқы  қанға  сіңген  табиғатында  көпшілдік, дархандылық  кеңдік  сияқты  қасиеттермен  ерекшеленеді,  балаға,  жас буынға  тал  бесіктен  бастап  адамгершілік,  адалдық,  әділдік,  намысты болу, беделділік, әдептілік ұят деген қасиеттерді үйретіп тәрбиелеген.
Отбасындағы  ұл  мен  қыздың  бойындағы  адами  құндылықтар болып  табылатын  адалдық,  ар-намыс,  қадір-қасиет,  ұят,  жомарттық, әдептілік  сияқты  асыл  қасиеттердің  барлығы  тәрбие  түсінігімен байланысып  жатқандығын  байқаймыз.  «Біреудің  ала  жібін  аттама», «Қызды қырық үйден тыю», «Малым  -  жанымның садақасы, жаным  -арымның  садақасы»,  «Өлімнен  ұят  күшті»,  «Қолыңмен  істегенді  -мойныңмен  көтер»;  Ерді  намыс  өлтірер,  қоянды  қамыс  өлтірер, баланың  ұяты  -  әкеге,  қыз  –  ұяты  шешеге,  ұрлық  түбі  -  қорлық,  т.с. көптеген  ұлағатты  сөздермен,  даналық  мақалдар  мен  тәрбиеленген ұрпақтың  бойына  сіңіріп  отырған.  Қазақтың  әдептілік,  әділдік  атты құндылықтарын қазақ философиясы баға жетпес қазына деп таниды.
Осындай  ұлт  намысының  абыройының,  қадір-қасиетінің қаншалықты жоғары деңгейде бағаланғанын аңғаруға болады.Кез-келген  адамның  адами  санасы  мен  мінез  құлқын анықтайтын  бірінші  психологиялық  қасиет-ар  намысы  болып табылады.Бұл жеке тұлғаның адамның бойындағы адалдық,  шыншылдық, ар,  абырой,  тектілік,  әділеттілік,  ұят, көргенділік  дейтін  құнды қасиеттерді  бағалайтын  жүйелі  моральдық  мәдениеттілік,  саналық этика мен әлеуметтік психологиялық ұғым.
Адамның  намысы  мен  ұяты  түрлі  қызмет  атқарады;  ол  кез-келген  тұлғаның  жан  дүниесіндегі,  ішкі  санасындағы  білінбейтін, көрініс  бермейтін  тәртіп  ұят  сақшысы  сияқты,  адамгершілікке жанаспайтын теріс іс-әрекеттер істеуден аяқ тартқызып, сақтандырып қана қоймай, пасық жымысқы ниеттерден де алыстап бойынан арылту үшін аса қажетті. Бұл  туралы әлем данышпандары да әр заманда ар-намыс  пен  қадір  қасиеттің  категорияларын  алғаш  болып  Рим стоицизмнің соңғы кезеңінің өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий зерделеген Сенеканың флософиясында мәдениеттілікке этикаға деген көзқарасы басым.Эпиктет  адамның  қоғамдағы  ар-намысы  мен  абыройын  сақтап қалуды  үйреткен,  озбырлықпен  алдап  тапқан  пайданың  адамға әкелетін  еш  абыройы  мен  қадірі  жоқ  екендігін  ойда  болған.  Рим императоры  Марк  Аврелий  бүкіл  әлемге  өзінің  адамзаттың  бірінші байлығы  шынайы  өмір  сүру  қағидалары  туралы  насихаттарымен танылған.  Ұят,  ар,  абыройқұндылықтарытуралыұлылар  да  айтып
жазыпкеткен.
Ұлы  Абайатамызөзініңқарасөздерінде;  Кімніңұятыжоқболса,  оныңиманы  да  жоқдеп,  БаласағұнҰят-жаманойдыңжүгені, Бұлжалғандабұзатын-арсызадамдепайтқан. Бізұрпағымызғаөзімізөнегекөрсетуарқылынағызадамгершіліктітұлғалықтытанытамыз.
Қоғамабыройсөзінкеңмағынада  -  ар,  ұят,  құрмет,  беделқадыр-қасиетсияқтыұғымдардың жүйесін түсінеді. Абыройбұл  –  тұлға  бойындағы  қазыналы  қастерлі  құндылық
болыптабылады.  Ұлтымыздыңфилософиялықтүсініктеріадамзаттыданалыққа, адамгершіліктіетіпұстауға, әділболуға, адал, намысшыл, шынайыөтірікайтпауға, екіжүзділіктен аулақ болуға, аманатқа қиянат жасамауға  тәрбиелеп  отырған.  Ата-бабамызданаманатталған   осы асылқағидалардысақтамау,  олардыбұзу,  қиянатқажол  беру-қатаңжазалауғаапарады.
Тарихи,  шежіре  мәлеметтерден,  мұрағат  құжаттардан  көптеген кісі  өлтіру,  елдің  беделді,  құрметті  азаматтарын  қорлау,  бөгденің мүлкін  малын  заңсыз  иелену,  ұрлау,зомбылық  пен  қиянат  жасап  ар, ұятқа  қиянат  жасағанда  өте  ауыр  күнәні  атанғандар  қатаң  жазалар кесілгендіктерін білеміз.
Адалдық  адамның  бойындағы  құны  жоғары  қасиет,  азаматтық санасы, ой-түйсігі  мен  ар-намысына  қарсы  келмейтін  іс-әрекеттердің моральдық-этикалық құрылымдық жүйе.
Адамгершілік,  адал  болу,  алдамау,  шыншыл  болу  сияқты қасиеттер  ұжымдық  ортада  бойына  сіңірген  тәлім  тәрбиесіне,  ішкі жан дүниесіне, біліміне, таза жұмыс істеуіне, еңбек етуіне байланысты ұштаса  отырып  қалыптасып,  адамның  жеке  басы  мен  тұлғалығының
деңгейінкөрсетеді, сипаттайды.
Адам  озып,  ұятсыз  қылыққа  жол  берген  адамдарды  қазақтың дала  заң  нормаларында  қатаң  жазалау  тәсілдер  қолданғанын  да білеміз.  Ең  ауыр  масқаралау  жазасының  бір  түрі  бұл-моральдік этикалық  нормаларды  бұзған  үшін  жазаға  кесілген  адамды  есекке теріс  міңгізу  болған.  Бұндай  жазалау  халқымыздың  дәстүрлі  дала заңында қатаң ауыр жаза деп табылған.
Ата  бабамыздан  біздердің  ұғымымызда  «адал  кәсіп»,  «адал мал», «адал ит», «адал жар» деген қастерлі сөздер қалғаны белгілі, бұл сөздердің түпкі мағынасы таза, жалғандықтан ада деген мағынасында білдіреді.  Ұрпақты  үлкенді  сыйлауға,  кішіге  қамқор  болуға,  иманды болуға адамгершілікке баулу.
Адам бойындағы асыл қасиеттерді әр адам жоғары қойып үлкен жауапкершілікпен қорғауы керек.  Азаматқақойылатынбастыталап-адамгершілік пенадалдық. Оладамбойындағыеңасылқасиетжәнеазаматтыңеңбиікмұратынажетелейді.  Бұлізгіадамгершілікқасиеттеріадамдымейірімділікке,  Отанын,  жерін,  жанұясынқұрметтеугебағалауғасүюгеүйретеді. 
Адам  баласыныңбойындаадамгершілік  пен  адалдыққасиеттерболмағанжағдайда,  адамөз-өзініңқұнынбілмейді, сыйламайды. Адам  бойындажағымдыимандықасиеттеркөпболса,  оладамныңжолыашықболмақ,  оған  бақ  та,  дәулет  те  қонадыдепжатамыз, жастардыжақсықасиеттергеүйретужағымсызқасиеттерденарылтуқажет. Кез-келгенадамөзінеқымбаттыболыптанылатын, өзіүшінөтеқұндыдепесептелетіннәрсесінқаншалықтыбағаласа,  құрметтұтса, барыншажақсыкөріпсүйіспеншіліктанытсағанабұнынағызнамысекенінтүсінеміз.
Ар-намысабырой  -  бұладамныңбеделі,  қадірқасиеті.  Азаматәркез өзінің қасиетін жоғары қойып, бағалапқастерлейбілуі, қорғауықажет.  Адам  өзбойына  ар-намыс,  ұят,  адалдық,  әділдік,  сыпайылықсияқтықұндылықтардысіңіребілуіқажет.

Мақала авторы: Арғынбекова Гүлнар Ишанбекқызы - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанынан құрылған ақпараттық – ағартушылық штабының мүшесі.
02 сәуір 2020 ж. 932 0