» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Бүгін «Antikor» сервистік орталығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) және департаментің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлы мен мүшесі Әмір-Темір Хұсейн Жүсіпұлы Қызылорда қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Б. Сайлыбаев – сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылыстың қоғам өмірінде жолын кесу үшін адамдардың бойында адамгершілік, әдептілік, адалдық, әділдік және парасаттылық сияқты қасиеттер басым болуы қажеттігін, сонымен бірге әр азамат өз қызметін адал атқарса болашағы жарқын мықты мемлекет құратындығымызды атап өтті.
Сонымен бірге ҚР еңбегі сіңген қайраткері Хұсейн Әмір-Темір тазалық принциптерін ұстануға шақырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында қандай қағидаларға сүйену керектігін айтып, ой-тұжырымдарымен бөлісті.
03 наурыз 2020 ж. 631 0