№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЙЕЛ СҰЛУ ҚАШАНДА ӘДЕБІМЕН

ӘЙЕЛ СҰЛУ ҚАШАНДА ӘДЕБІМЕН

Елімізде әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің маңызды мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елде әйелдің саяси һәм қоғамдық белсенділігіне айрықша көңіл бөлініп, беделді де іскер, білімді де білікті қыз-келіншектерге даңғыл жол ашылған. Бұл жөнінде Тұңғыш Президент-Елбасы: «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. Расында бүгінде бұрымдылар билік басында еркектермен иық тіресе жұмыс жасап жүр.
Қазіргі таңда республика бойынша кәсіпкер қыз-келіншектердің үлесі 50 проценттен асқан. Мұндай жоғары көрсеткіштер әйелдер кәсіпкерлерлігінің дамуы әлеуетінің артқанын көрсетеді. Ал, шағын бизнес кәсіпорындарының 60 процентін әйелдер басқарып отыр екен. Мұндай көрсеткіш Сыр өңірінде де көңіл қуантарлық. Оның қатарында жаңақорғандық кәсіпкер әйелдердің де салмағы басым. Аудан бойынша 4 мыңның үстінде кәсіпкерлік субьектісі тіркелсе, оның 30 процентін бұрымдылардың бизнесі құрайды. Жергілікті әйел кәсіпкерлердің бейім кәсібі ол – сұлулық салоны, найбаухана, тігін ісі, сауда-саттық, жекеменшік балабақша, тіс емханасы сынды салада белсенді жұмыс жасауда.
Соңғы жылдары жеке балабақша санының артуы – әйел кәсіпкерлердің көбейгенін айғақтайды. Десе де, ауданда тұңғыш болып, кәсіпкерлікті қолға алған нәзік жандыларды айтпай кетуге тағы болмас. Олардың қатарында: «Баян сұлу» тіс емханасының басшысы Баян Божбанбаева, наубайхана ісінің көшбасшысы Ғалия Тұрабаева, «Май зауыты» ЖШС төрайымы Гүлнар Мансурова, «Өтеміс»» ЖШС директоры Сара Хусейнова, «Нұр-әділ» сауда орталығының басшысы Аманкүл Сауранбаева, «Марат» шаруақожалығының төрайымы Рәйлаш Сәруарова, «Сәдуова» қожалығының жетекшісі Қалмаш Сәдуова, «Жан» шаруа қожалығының төрайымы Жұмакүл Әжібекова, Ділімбетова Бибайша бар. Оған қоса, жеке кәсіпкерлер Әлима Әбілқасымова, Айымтай Әжібекова, Сайлаукүл Есенбекованы да осы қатарға қосуға болады. Осындай әпкелерінің ізінен ерген жаңа толқын кәсіпкерлердің қатарында Сүттіқұдық ауылында спорт кешенін пайдалануға берген Гүлжайна Рысбаева, «Арон» кафесінің иесі Айдана Қуатбекова және Бағдат Балғабаева сынды кәсібін дөңгелетіп отырған нәзік жандылар қатары күн санап артуда.
Осы тұста, Баян Божбанбаева басшылық ететін Жаңақорған аудандық іскер әйелдер қауымдастығы сауапты істі қолға алып, көпбалалы анаға тұрғын үй салып беруде. Осындай жақсы істің басында жүрген ауданның жанашыр қыз-келіншектеріне айтар алғысым шексіз. Бұдан да басқа талай жақсылықтың жаршысы болып қандай іс бастасам халқыма пайдам тиеді деп жүрген жанашыр жандар көп-ақ.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет саласында жүрген өз ісінің білікті мамандары да жетерлік. Жалпы мемлекеттік қызметші Президент саясатын жергілікті жерде жүргізуші, халық пен билікті байланыстырушы дәнекер. Елбасы: «Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің өсіп-өркендеуінде әйелдердің қосқан үлесі шексіз» деп айрықша атап өткен болатын. Бүгінгі таңда жаңақорғандық нәзікжандылар мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе және кәсіпкерлікте толайым табыстарға жетуде. Яғни, қазіргі таңда қоғамның қызметте – көшбасшы, жұмыста – жігерлі жандарсыз елестету мүмкін емес.
Түйіндей айтқанда, әйел – іскер, білікті басшы, әйел – жылулық, барша әйлемге мейірім шашып тұратын шапағат шуағы. Оған қоса, қазіргі таңда осы нәзікжандылар қауымының қоғамдағы рөлін іскерлік және көшбасшылықпен етене байланыстырмаса болмайды. Өйткені, елдегі гендерлік саясаттың маңызды бөлігінде олардың алатын орнының айрықша екендігі белгілі. Бұл бағытта біз әңгімемізге арқау еткенкәсіпкер әйелдердің барлығы да ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына өзіндік үлесін қосып келе жатқаны айқын.

Роза ИСАЕВА,
аудан әкімінің әйелдер ісі,
отбасы және гендерлік саясат
жөніндегі кеңесшісі
07 наурыз 2020 ж. 844 0