» » Төтенше жағдайдағы импортты алмастыру. қандай шаралар қабылданады?

Төтенше жағдайдағы импортты алмастыру. қандай шаралар қабылданады?


Отандық тауар өндірушілерге қандай ауыртпалық жүктеледі, сондай-ақ төтенше жағдайда халықтың қажеттілігін толық қамту міндеті қойылған кәсіпорындарға қандай қолдау көрсетілетіні жайында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов facebook-тегі жеке парақшасында тікелей эфир барысында айтты
Кәсіпкерлерге негізгі қолдау «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша көрсетіледі, ерекше басымдық – агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібіне берілген.
«Қарапайым заттар экономикасына» келетін болсақ, онда қосымша қаражат қарастырылған. Жақын арада бұл жайында хабарлайтын боламыз. Бірінші кезекте қаражат АӨК, тамақ өнеркәсібіне бағытталатаны болады. Қазір өнім толыө көлемде қолжетімді бағада жеткілікті болуы үшін азық-түлік бойынша толық қажеттілікті қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан, бірінші кезекте осы секторларда импортты алмастыруға бағытталатын болады. Осы жерде біз үкіметпен жұмыс істейміз, барлығы жолға қойылған», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Сонымен қатара «Атамекен» үкімет және жетекші мемлекеттік органмен ең өзекті мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыс жалғастыруда. Түсіну, ал ең бастысы бүгінде қатты шығынға ұшыраған – қызмет көрсету саласына ішінара қолдау шаралары белгіленген. Осы күні үкімет және ҰКП шешімін табуда еңбектеніп жатқан тақырыптар арасында – несие, салықтар бойынша төлемдер, жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеуді тоқтата тұру мәселелері.
«Несиелер бойынша мәселе өткен аптада көтерілген болатын. Өсімақы, айыппұлдар төтенше жағдайы кезінде толығымен тоқтатылды. Енді зардап көргендер бойынша. Әрине, бірінші кезекте қызмет көрсету саласына қатысты. Президент ұлттық банкке зардап шеккен ШОБ өкілдерінің несиелері бойынша негізгі қарыз және пайыздары төлемдерін тоқтата тұруды сұрады. Біз түсініктестік болады деп үміттенеміз. Қазірдің өзінде Қаржыгерлер қауымдастығы агенттігі, банктермен кеңесуді бастадық, бұл жұмыс қалай қолдау табатыны уақыт еншісінде», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Өзекті мәселелер қатарында еңбек қатынастары мәселесі. Бұл мәселені шешу мақсатында Ұлттық палата кадрларды босатуға қатысты сауалнаманы іске қосты, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау және бағаларды ұстап тұру бойынша ұсыныстар жасалды.
«Біз кері байланысты ары қарай да жинақтаймыз. Енді қысқарту бойынша сауалнаманы іске қостық. Барлық кәсіпкерлерден екі күн ішінде хабарласуды сұраймыз. Барлық механизмдер алынған соң, жарияланатын болады», – деді Басқарма Төрағасы.
Тікелей эфирді қорытындылай келе, Басқарма Төрағасы қазақстандықтарды сабыр сақтап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын орындауға шақырды.

Atameken.kz
24 наурыз 2020 ж. 443 0