» » АУРУҒА АПАРАТЫН 11 СЕБЕП

АУРУҒА АПАРАТЫН 11 СЕБЕП

"Емделгісі келетін адамнан ең алдымен аурудың пайда болу себептерімен күресуге дайын ба екенін сұра. Содан кейін ғана оған көмектесуге болады" –дейді Гиппократ. Емделмес бұрын бойыңызда пайда болған дерттің негізгі себебін анықтап алуды ұсынамыз. Төменде келтірілген факторлардың қай-қайсысы болмасын Сіздің ауруға шалдығуыңызға себепші болады:


1. ПСИХОЛОГИЯ
Блог - ademi_alem: Ауруға шалдықтыратын 11 себепЕгер тәніңіз ауырса, ойыңыз бен кейбір іс-әрекеттеріңізді өзгертуге тиістісіз. «Адамның өз-өзіне көңілі толмаса, ешкімді жақсы көрмесе немесе оны ешкім жақсы көрмесе денсаулығына әсер ете ме?» деген сұраққа "Әрине, әсер етеді!" деп жауап береміз. Ішінде кек, реніш, қорқыныш, қызғаныш, ашу-ыза сияқты жағымсыз сезімдері бар адамның дені сау болу мүмкіндігі азаяды. Деніңіз сау болсын десеңіз психологияңызды өзгертіп, алдыңызға дұрыс мақсат қойыңыз.

2. АС — АДАМНЫҢ АРҚАУЫ
Бұл туралы көп айтылып, көп жазылса да, іс жүзінде ешкім мән бермейді. Шынымен де, дұрыс әрі жақсы тамақтануды қолға алу қиын. Себебі, дүкен сөрелерінде тәбетіңді ашатын тағам түрлері көп. қарнымыз ашқанда оның ағзамызға қаншалықты пайдалы не зиянды екенін ескермейміз. Сондықтан ең алдымен ешқашан жеуге болмайтын азық-түлік тізімін жасаңыз. 

Бұлызмайтын азық-түлікті жеуге болмайды! Мысалы, жүзім. Жүзім 3-5 күннен артық сақталмайды, бұзылып кетеді. Қазіргі біз жеп жүрген жемістердің көбі дүкен сөресінде апталап, айлап сақтала береді. 

Жасанды тағамды жеуге болмайды! «ДоШирак», «Роллтон» сияқты жасанды тағам мен суға езілетін кофе, сусындарды жеп-ішпеген жөн. Йогурт шығаратын фирмалар тірі бактериялары бар йогрут туралы жарнама береді. Ол йогурттың жарамдылық мерзімі 3-4 айға дейін созылады. Ал жаңағы тірі бактериялар ұзаса 3-6 күн аралығында ғана өмір сүреді.

Үй жағдайында шиеден жасалған тосаптың түрі қызыл болмайды, ауа мен қанттың әсерінен дәмі қышқылданып, түсі де қою қоңыр болып өзгеріп кетеді. Ал дүкенде сатылатын таңқурай, өрік, шие сияқты жеміс-жидектерден жасалған тосаптардың түрі олай өзгермейді, себебі құрамында түрлі химиялық қоспалар мен бояғыш заттар бар. Әрине, ол адам ағзасына зиян келтіреді.

Майонезді, әсіресе пластикалық қаптағы майонезді жеуге болмайды! Сірке суы пластиктен әр түрлі канцерогендік заттектер бөледі. Майонездің құрамында көп мөлшерде ұзақ мерзімге дейін сақталатын адам ағзасына зиянды қоспалар бар. Ал оның құрамындағы май қан тамырларымыздың ішін бітеп тастайды.

Мұндай азық-түлік пен тағамдарды күнделікті өмірде жиі қолданатындықтан, жазылғанның бәріне көз жұма қарауға болады. Егер денсаулығыңызға немқұрайлы қарап, мезгіліңізден бұрын көз жұмуға қарсы болмасаңыз, мархабат!

3. СУ, сұйықтық
Көптеген ауру түрлерінің пайда болуына тағы бір себеп — су мен сусындар. Адам миының 90 п
айызы судан тұрады. Миға су баруын тоқтатса не болатын елестетудің өзі қорқынышты. Судан басқа пепси-кола, шай және басқа да түрлі сусындардың ешбірі миға бармайды. Жер бетіндегі өмір сүріп жатқан тіршілік иелері арасында адам ғана қолдан жасалған тағам мен судан басқа да сусындар ішеді. Көк шай, қара шай, какао, кофе, шырын ішуге бола ма деген тақырыпта көп дауласуға болады. Жас сәбиге шәй іштіруге бола ма? Бұдан олардың денсаулықтары нығая түсе ме? Басымызды шаймен жуып, кір киімімізді шырынмен, еденді кофемен жуа аламыз ба?

Бізге әмбебап еріткіш керек, ол — су. Біздің әрбір жасушамыз суға мұқтаж. Олар да «тазарып, жуынғысы» келеді. Суды қанша мөлшерде ішу керек? Егер тек жеміс-жидек жейтін адам болсаңыз, күніне бір литр көлемінде су ішу жеткілікті.

Егер ет жейтін адамдар қатарынан болсаңыз және еттен басқа балық, жұмыртқа, нанды көбірек жейтін болсаңыз, күніне 1,8 — 2 литр көлемінде су ішу керексіз. Неғұрлым көп жесеңіз, суды да соғұрлым көбірек пайдаланған жөн. Шөлдеу — адам ағзасына су жетіспейтінін білдіретін бірінші емес, төртінші не бесінші белгі. Сондықтан да егер шөлдеген болсаңыз — ағзаңыздағы су мөлшері көп мөлшерде азайып кетті деген сөз.

Егер дәретханадан шыққан кейін қайта кіру мүмкін еместей жағымсыз иіс шықса, суды аз мөлшерде ішесіз дегеннің белгісі. Егер терлеген кезде қолтығыңыздан жағымсыз иіс шықса, иіссу, әтірді қолданғанның орнына суды көбірек қолдануды қолға алыңыз. Суды тердің иісі дененің иісіндей болғанша көп ішу керек. 

Асқазан қышқылдығының жоғарылауы — өте даулы сұрақ. Бір де бір асқазан көп мөлшерде жоғарылаған қышқылдық бөлмейді.2,5 грамм тұз қышқылы бөліну керек болса, асқазан сол мөлшерден аз не кем бөлмейді. Адам асқазанында қыжыл бар екендігін айтса, оған асқазан қышқылының жоғарылап кеткенін айтады. Бұдан өткен сорақы жауап жоқ шығар. Егер қант диабеті дертіне шалдықсаңыз, емді қант мөлшерін азайтатын дәрі-дәрмек қабылдаудан бастамаңыз. Құрамында 3 қасық қанты бар тәтті қанды көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Ол қантты қандай дәрімен кетіріп тастай аласыз? Ол ешқайда кетпейді.

Тәтті қанды не істеуге болады? Оған су қосу арқылы сұйылтуға болады. Қантты бүйрек арқылы тазартуға бола ма? Болады. Олай болса, қандағы қант мөлшерін суды көп мөлшерде ішумен ғана ерітіп, азайтуға болады. Дәрігер ешқашан Сізге суды көп мөлшерде іш деп кеңес бермейді, тіпті көп мөлшерде су ішуге тыйым салуы да ғажап емес. Аурудың көп түріне басқаша көзқараспен қарау керек. 

4. БАКТЕРИЯ, ВИРУС, САҢЫРАУҚҰЛАҚ ПЕН ҚАРАПАЙЫМ ПАРАЗИТТЕРДІҢ ҚОЗУЫ
Бұлар Сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да ағзаңызда тіршілік етеді. Олардың да дәл Сіз сияқты өмір сүруге қақысы бар. Оларды өлтіріп, көзін жою мүмкін емес. Сіз оларды өлтіремін дегенше, олар Сізді өлтіріп қоюы мүмкін. Бірақ олардың мақсаты — Сізді өлтіру емес. Олардың мақсаты — Сіздің ағзаңыздан өзлерінің өмір сүруіне қажетті азық алу. Егер олармен бірге өмір сүргіңіз келмесе, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасамауға тырысыңыз. Олармен Сіздің иммунитетіңіз ғана күресе алады. Иммунды жүйенің жасушалары үшін бұлар жыртқыш аңмен тең. Сол себепті, олармен күресу үшін нақты әрекет жасай білу керек. 

5. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ
Дұрыс тамақтанбағанның әсерінен пайда болатын өтке тас толу, қант диабеті, гипертониялық аурулар сияқты тұқым қуалайтын аурулар ұрпақтан ұрпаққа «мұра болып» қалуы ықтимал. Тұқым қуалайтын ауру түрлерінің көбі 10-15 жас аралығында пайда болады.

6. МЕДИЦИНА
Медицинаның дамуына қанша үлкен көлемде қаржы бөлсек те, адамның өмір сүру жасы ұлғаймайды. Адамның ұзақ өмір сүруі медицинаның дамуымен байланысты емес. Өмірдің ұзақ, қысқа болуы дұрыс тамақтануға, өмір сүру салты мен өз-өзіңізді жақсы көре білуіңізге байланысты. Анальгин, цитрамон, димедрол сияқты дәрі-дәрмектердің уландыратын әсері болғандықтан аты аталған бұл дәрілер басқа елдерде қолданылмайды. Бұл зерттеулер АҚШ-та жүргізілген. Біз түрлі антибиотиктер мен препараттарды қоспағандағы қарапайым мысалдар келтіірп отырмыз. Денсаулығыңызға неғұрлым көп зиян келтіргіңіз келсе, мысалда келтірілген дәрі-дәрмектерді қолдануды жалғастыра беріңіз.

7. ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС
Қытай мен Жапонияда дене буындары мәселесімен айналысатын дәрігерлер аз кездеседі. Шығыс жекпе-жегінің көп түрінде қимыл-қозқалыстары баяу болады. Спорт түріне қарағанда жай ғана гимнастикаға ұқсайды. Біздің елде қимыл-қозғалыс туралы ұғымды әркім әр түрлі қабылдайды. Бақшада таңнан кешке дейін арам шөп жұлып, шұқшиып отыратын болсаңыз, денеңізге пайдалы қимыл-қозғалыс жасадым деп ойламаңыз. Қимылдаған кезде денедегі барлық буын мен бұлшықет қозғалуы керек. Сонда ғана бұл қимыл-қозғалыс Сіз үшін пайдалы болмақ.

8. БИОЭНЕРГЕТИКА
Қазіргі таңда биоөрістің болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Бұрын оны «көз тию» деп атаса, қазір «биоэнергетиканың бұзылуы» деп атайды. Оның қалай аталатыны маңызды емес, маңыздысы — оның да Сіздің өміріңізге әсер ететіндігі. Айналып келгенде, бұл да психологиямен байланысты.

9. ЭКОЛОГИЯ
Егер өндірістік орындары бар, ауаға үнемі зиянды газ бөлінетін жерде тұратын болсаңыз; егер ыдыс-аяғыңызды «Фейри» сияқты 35 қайтара шаймасаңыз ағзаңызға зиян келтіретін сұйықтықпен жуатын болсаңыз, тез арада шара қолдануыңыз керек! 

10. ЖАҒЫМСЫЗ ӘДЕТТЕР
Бойыңыздағы жағымсыз әдеттер Сіз ойлағаннан да көп. Жағымсыз әдеттер темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қолданумен шектелмейді. Қоғамдық көліктерде кітап, газет оқып немесе музыканы қатты қойып, құлаққап киіп отыру да жаман әдеттер қатарына кіреді. Ұйықтағанда етбеттеп жату да денсаулығыңызға зиян, себебі олай жатқанда мойын бұрылып, мидың қан айналымы бұзылады. 

11. УАҚЫТ
Байлықтың бәрін жинап алған кезде денсаулығыңызға назар аударуға не жетпейді? Әрине, уақыт жетпей қалады. Біз саналы ғұмырымызда кесте тігу, құрақ құрау, көлік жүргізу сияқты күнделікті өмірімізге керекті көп нәрсе үйреніп, дағдыланамыз. Бірақ осылардың ешқайсысы сіздің өміріңізді ұзарта алмайды. Адам денсаулығынан айрылған кезде қалған дағдылардың құны жоғалады. Көптеген бай адамдар денсаулығынан айрылған кезде «Биліктің де, байлықтың да керегі жок, тек денім сау болса екен» деп тілейді. Өкінішке орай, бізге мәңгілік берілгендей-ақ денсаулығымызға өте салғырт қараймыз. Бұл үлкен қателік. Өмір бойы істеп жүрген іс-әрекетіміздің 80 пайызы денсаулығымызға зиянын тигізеді екен.
FacebookVkontakteOdnoklassnikiTelegramWhatsAppGmailЕще...


Автор: ZHARAR | 11 343 | 

08 наурыз 2020 ж. 633 0